1 - 4 шілде 2019 — Нұр-Сұлтан, Қазақстан

1 - 4 шілде 2019

Барри Чан

Басқарушы директор Инвестициялық банкинг бөлімінің басшысы, Гонконг ТМД елдері инвестициялық банкингінің бірлескен басшысы China International Capital Corporation

Барри Чан мырза China International Capital Corporation ("CICC") басқарушы директоры және Гонконг инвестициялық банкінің басшысы болып табылады. Чан мырза сондай-ақ ТМД елдеріндегі CICC инвестициялық-банк бизнесінің бірлескен басшысы болып табылады. Чан мырза Гонконгта және Қытай Халық Республикасының материгі бөлігінде бағалы қағаздар мен қаржы секторларында 20 жылдан астам жұмыс тәжірибесі, оның ішінде 11 жылдық Hong Kong Exchanges and Clearing Limited ("HKEx") бағалы қағаздарды реттеуші ретінде жұмыс тәжірибесі бар. 

2010 жылдың қыркүйек айында CICC кірген сәттен бастап Чан мырза Гонконгта және Қазақстанды қоса алғанда, шетелде CICC инвестициялық банктік бизнесінің дамуына жауап береді. Ол команданы көптеген қытайлық МК және жеке кәсіпорындардың, сонымен қатар Гонконг пен халықаралық корпорациялардың ПДЖ, оның ішінде Қазатомөнеркәсіп ЖДҚ ПДЖ, бағалы қағаздардың KAZ Minerals қор биржасы мен HKEx-ғы сингапурлық CapitaMalls Asia Ltd қор биржасына екінші рет жіберілуін, сондай-ақ  SouthGobi Resources, HKT, PCСW-ден бөлінуін және Гонконгтың қор биржасына рұқсат берілген алғашқы жұпты бағалы қағаздардың ПДЖ аяқтауға алып келді. Сонымен қатар, басқа да ПДЖ қатарына PICC Group, Harmony Autos, CGN Power, Dalian Wanda Commercial Properties және AAG Energy кіреді. Ол сондай-ақ борыштық міндеттемелерді шығаруды, акционерлік капиталмен жасалатын операцияларды және бірігу мен сіңіруді қоса алғанда, капитал нарығындағы басқа да мәмілелерге қатысады.

CiСС келгенге дейін Чан мырза жергілікті, материктік Қытай және халықаралық корпорациялардың қор биржасына бағалы қағаздарды жіберу өтінімдерінің қаралуын және акциялары қор биржасында бағамдалатын компаниялардың жұмысын қадағалай отырып, HKEx қор биржасына бағалы қағаздарды жіберу бөлімінің аға мүшесі болды. Ол бірқатар маңызды және күрделі ПДЖ, капитал салу және корпоративтік қайта құрылымдаумен айналысты. Чан мырза Гонконгтағы бағалы қағаздарды реттеушілермен жақсы қарым-қатынасты қолдайды.
Чан мырза Гонконг Қытай университетінде іскерлік әкімшілік ету саласында бакалавр және ғылым магистрі дәрежесін алды. Чан мырза, сондай-ақ білікті бухгалтер болып табылады.

VK
TG
WA