AFD 2023 күн тәртібі

7 маусым

Макроэкономикалық даму перспективаларына шолу

09:30-11:15
Капитал нарықтары
AIX Trading Hall (Mangilik Yel 55/19, block C3.4,)

Макроэкономикалық даму перспективаларына шолу

Саясат, технологиялар және реттеу шаралары мәселелерінің кең ауқымына арналған «Макроэкономикалық даму перспективаларына шолу» сессиясы Қазақстанның орнықты және инклюзивті экономикаға және сенімді капитал нарығына ұмтылу мүмкіндіктерін талқылау үшін саланың ықпалды көшбасшылары мен мемлекет қайраткерлерінің басын қосады. Өзін Еуропа мен Азия арасындағы байланыстырушы буын ретінде көрсете отырып, Қазақстан Жаңа Жібек жолын құруға инвестициялау үшін тамаша мүмкіндіктер ұсынады. […]

Модератор
Тимоти Беннетт
Азамат Әмрин
Ақылжан Баймағамбетов
Хусейн Озхан
Елена Елисеенко
Ернар Жанәділ
Толығырақ

Қаржы секторындағы инновациялардың драйверлері

10:00-10:50
Инновациялар және олардың әлеуеті
Al-Farabi Hall (Mangilik El 55/18, block C3.3)

Қаржы секторындағы инновациялардың драйверлері

Қаржы секторы, әсіресе банкинг, бірнеше ондаған жылдар бойы жаңа серпінді технологиялардың пайда болуының негізгі бенефициарларының бірі болды: блокчейн, жасанды интеллект, үлкен деректер, роботтандыру және т.б. Финтех сектордың басты драйвері бола отырып, соңғы жылдары қаржылық өнімдерді қол жетімді, арзан және ыңғайлы ету үшін күнделікті өмірімізді түбегейлі өзгертті.

Осы панельдік сессияда біз қазақстандық банктердің финтех саласындағы соңғы жетістіктерін талқылаймыз, Қазақстандағы және әлемдегі қаржы секторын дамытудың басты трендтері мен кедергілерін талдаймыз, сондай-ақ алдағы жылдарға арналған индустриядағы әлеуетті өзгерістерді болжауға тырысамыз.

Қаржылық технологиялар тақырыбына қызығушылық танытатындардың барлығын біздің талқылауымызға қосылуға шақырамыз. Бірігіп финтехтің қиындықтарды жеңуге, әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешуге қалай көмектесетінін жақсырақ түсініп, ынтымақтастық пен инновация үшін жаңа мүмкіндіктерді таба аламыз.

Модератор
Бинур Жәленов
Кристина Дорош
Айдос Жұмағұлов
Жұмабек Мамутов
Руслан Владимиров
Толығырақ

Қазақстан банктері мен АХҚО-да тіркелген криптобиржалардың өзара іс-қимылы жөніндегі пилоттық жобаның қорытындылары

10:00-10:50
Юрисдикция және реттеу
London Hall (Mangilik El 55/17, block C3.2)

Қазақстан банктері мен АХҚО-да тіркелген криптобиржалардың өзара іс-қимылы жөніндегі пилоттық жобаның қорытындылары

2023 жылдың маусым айында АХҚО-да тіркелген криптобиржалар мен Қазақстан банктерінің серіктестігі бойынша пилоттық жоба іске қосылған. 2023 жылдың маусым айында индустрия өкілдері жобаның қорытындысымен таныстырады.

Модератор
Рафал Трэпка
Арутюн Погосян
Талғат Досанов
Жаслан Мәдиев
Наталья Роменская
Жанар Айқымбаева
Абылайхан Оспанов
Толығырақ

Дамушы нарықтарға инвестициялар – АХҚО-да активтерді басқару үшін жасалған мүмкіндіктер

10:00:-10:50
АХҚО Өнімдері
Astana Hall (Mangilik Yel 55/19, C3.4)

Дамушы нарықтарға инвестициялар – АХҚО-да активтерді басқару үшін жасалған мүмкіндіктер

Модератор
Исхак Берни
Ален Нсиона Дефисе
Эдвард Кемпсон
Аслан Сұлтанов
Замира Сүндетова
Судип Бисвас
Шейх Фахад Джассим Аль Тани
Толығырақ

АХҚО Соты және ХТО: Еуразиядағы дауларды тиімді және инновациялық жолмен шешудің жетекші орталықтары

10:30-11:30
Юрисдикция және реттеу
Aiteke Bi Hall (C3.1, Mangilik Yel 55/16)

АХҚО Соты және ХТО: Еуразиядағы дауларды тиімді және инновациялық жолмен шешудің жетекші орталықтары

АХҚО соты мен ХТО өз қызметін 2018 жылдың 1 қаңтарында бастады. Содан бері АХҚО соты мен ХТО едәуір көлемде істер қарады және тиімділік пен инновацияларды арттыру үшін жетілдірудің тұрақты бағдарламасын енгізуді жалғастыруда, сондай-ақ коммерциялық дауларды шешудің пайдаланушылар үшін барынша заманауи және ыңғайлы халықаралық стандартын қамтамасыз етуде.

Осы сессия барысында қатысушылар ХТО Төрағасынан және АХҚО соты мен ХТО Тіркеушісінен АХҚО соты мен ХТО-ның одан әрі өсуін қамтамасыз ететін дәлелденген тиімділік пен инновациялар туралы және заңның үстемдігіне бейіл жаһандық стандарт ретіндегі коммерциялық дауларды шешу бойынша әлемдік деңгейдегі қызметтер көрсету туралы еститін болады. Сессияда сонымен қатар АХҚО соты мен ХТО күнделікті практикалық деңгейде қалай жұмыс істейтіні туралы бірегей ақпарат беріледі.

Томас Крюммель
Кристофер Кэмпбелл-Холт
Толығырақ

Мәмілелерді құрылымдау: АХҚО режимін практикада қолдану

11:00-11:50
АХҚО Өнімдері
Astana Hall (Mangilik Yel 55/19, C3.4)

Мәмілелерді құрылымдау: АХҚО режимін практикада қолдану

АХҚО-ның кешенді құқықтық базасы бизнес-қоғамдастық түрлі мәмілелерді, оның ішінде ірі бірлескен кәсіпорындар аясында құрылымдауы кезінде кеңінен пайдаланатын тұжырымдамалар мен тетіктердің кең жиынтығын қамтиды. Осы сессия барысында АХҚО нарығының ірі қатысушыларының өкілдері АХҚО-ның қолданыстағы заңнамасына сәйкес мәмілелерді жоспарлау, құрылымдау және орындау саласындағы өз тәжірибелерімен және маңызды практикалық ойларымен бөліседі.

Модератор
Саймон Кокс
Олеся Кириловская
Әсет Әбдіғаппаров
Алпамыс Алпыс
Евгения Богданова
Барри Чан
Толығырақ

Экономикалық санкциялардың қаржы орталықтарына әсері, қаржылық қылмыстың алдын алудағы қаржы реттеушісінің рөлі

11:00-11:50
Юрисдикция және реттеу
London Hall (Mangilik El 55/17, block C3.2)

Экономикалық санкциялардың қаржы орталықтарына әсері, қаржылық қылмыстың алдын алудағы қаржы реттеушісінің рөлі

Панельдік сессия аясында экономикалық санкциялардың қаржы орталықтарына әсері, сондай-ақ қаржы реттеушісінің барлық салалардағы санкциялық тәуекелдерді анықтаудағы және төмендетудегі маңызды рөлі талқыланатын болады. Елдердің кең ауқымды санкцияларды енгізуге реакциясы қаржы жүйелерін қорғаудағы және қаржылық қылмыстардың алдын алудағы қаржылық реттеушінің рөлін күшейту қажеттілігін көрсетеді.

Модератор
Гарет Линг
Элизабет Чанг
Инна Алхимова
Мұхтар Бөбеев
Рустам Тахиров
Владимир Савов
Питер Бакос
Толығырақ

Адами капитал инновацияларға қалай ықпал етеді: экожүйелерде ынтымақтастық орнату

11:00-11:50
Инновациялар және олардың әлеуеті
Al-Farabi Hall (Mangilik El 55/18, block C3.3)

Адами капитал инновацияларға қалай ықпал етеді: экожүйелерде ынтымақтастық орнату

Кәсіпорындар мен ұйымдар өсудің және бәсекелестерінен озып кетудің жаңа жолдарын үнемі іздеп жататын қазіргі әлемде инновациялар табыстың негізгі факторына айналды. Бірақ инновацияны не итермелейді? Әлбетте, инновация көбінесе нарықтық экожүйенің әртүрлі элементтері (үкімет қатысатын макро жүйе немесе компаниялар тобы деңгейіндегі микрожүйе болсын) мағыналы түрде өзара әрекеттесіп, ынтымақтасқанда пайда болады. Бұл өзара әрекеттесулердің негізінде адами капитал – […]

Модератор
Алина Абдрахманова
Әнуар Жанғозин
Рафал Трэпка
Ғабит Бекахметов
Badr Boussabat
Толығырақ

Қазақстанның басым секторларына инвестициялау

11:30-13:00
Капитал нарықтары
AIX Trading Hall (Mangilik Yel 55/19, block C3.4)

Қазақстанның басым секторларына инвестициялау

Бизнес өкілдерін, сондай-ақ жергілікті және шетелдік инвесторларды біріктіретін «Қазақстанның басым салаларына инвестициялау» сессиясы ағымдағы инвестициялық ахуалда ақпараттандырылған және ұтымды шешімдер қабылдау сияқты тақырыптарды талқылау алаңына айналады. Мұқият таңдалған компаниялар өздерінің стратегиялық және қаржылық жоспарларын ұсынуға және инвестициялық қоғамдастық алдында өз әлеуетін ашуға бірегей мүмкіндік алады. Барынша терең және өтімді нарық акционерлік капиталдың қолжетімділігін арттырады және […]

Модератор
Ник Кауфманн
Ержан Мұқанов
Санжар Жаркешов
Евгений Монахов
Диана Арысова
Николай Бабешкин
Толығырақ

Оқыту мен таланттарды дамытуда иммерсивті технологияларды қолдану

12:00-12:50
Инновациялар және олардың әлеуеті
Al-Farabi Hall (Mangilik El 55/18, block C3.3)

Оқыту мен таланттарды дамытуда иммерсивті технологияларды қолдану

Виртуалды шындық және кеңейтілген шындық сияқты иммерсивті технологиялар жоғары білім беруде қолданыс тапты және оны компаниялар таланттарды дамыту бағдарламалары аясында жиі қолдана бастады. Иммерсивті технологиялар физикалық және цифрлық (немесе модельденген) шындықты біріктіру арқылы ерекше тәжірибе туғызады. Сессия білім берудегі және таланттарды дамытудағы иммерсивті технологиялардың әлеуетін зерттеуге арналған.

Модератор
Александр Ван де Путт, Проф.
Мирас Дәуленов
Ванья Гарай, Д-р
Казимиро Хуанес Кальво
Алехандро Аменейро
Толығырақ

АХҚО-дағы қорларды басқару қызметтерінің дамып келе жатқан нарығы

12:00-12:50
АХҚО Өнімдері
Astana Hall (Mangilik Yel 55/19, C3.4)

АХҚО-дағы қорларды басқару қызметтерінің дамып келе жатқан нарығы

Бұл сессия активтерді басқару индустриясының тұрақты дамуын қамтамасыз етуде қорларды басқару жөніндегі қызметтердің тиімді және бәсекеге қабілетті нарығының маңыздылығына арналады. Бірлескен инвестициялаудың маңыздылығы және осындай нарықтың жұмыс істеуімен қамтамасыз етілетін инвесторлардың мүдделерін тиісті түрде қорғаудың кепілдігі қаралатын болады.

Модератор
Темірлан Мұханбетжанов
Александр Линдеманн, Д-р
Гарет Линг
Павел Коктышев
Уилл Эстон
Александр Диаковский
Толығырақ

Крипто-реттеудің болашағы: Академиялық орта мен индустрия сарапшыларының басын қосқан ой-талас

12:00-12:50
Юрисдикция және реттеу
London Hall (Mangilik El 55/17, block C3.2)

Крипто-реттеудің болашағы: Академиялық орта мен индустрия сарапшыларының басын қосқан ой-талас

Криптовалюта биржалары күйрегеннен кейін реттеуді жақсартуға қойылатын талаптар өсті. Еуропалық Одақ және басқа елдер өңірлік ережелерді жасап болған кезде, жаһандық саясаткерлер реттеушілік вакуумды құрғаны үшін сынға ұшырады. Криптовалюталарды реттеу мәселелерін талқылау үшін академиялық орта мен сала өкілдерін шақырамыз. Сессияға қатысушылар тенденциялар мен қиындықтарды талқылайды, саланың жалпы сипатын көрсететін пікірлерімен бөліседі және болашаққа көз жүгіртеді.

Модератор
Йохен Бидерманн
Роза Мария Ластра
Джесси Кнутсон
Бен Чжоу
Афина Миао
Сопненду Моханти
Амжад Кадиш
Зейн Омер
Толығырақ

Экономикалық күрделілік және әртараптандыру: Гарвард университетінің жанындағы Қазақстан бойынша Өсу зертханасының есебі

13:00 - 13:50
Astana Hall (Mangilik El 55/19, block C3.4)

Экономикалық күрделілік және әртараптандыру: Гарвард университетінің жанындағы Қазақстан бойынша Өсу зертханасының есебі

Гарвард университетінің жанындағы Өсу зертханасы мен АХҚО экспорттық және инвестициялық перспективаларды, сондай-ақ ғылыми тәсілге сүйене отырып, экономиканың өсуі мен экспортты әртараптандыру үшін бірқатар ұсынымдарды анықтау мақсатында Қазақстанның экономикасы мен экспортының күрделілігі жөнінде зерттеу жүргізді.

Тауарлардың күрделілігі тұрғысынан Қазақстанның экспорттық себетіне талдау жасалды және осы талдаудың негізінде ұқсас өндірістік мүмкіндіктері бар Қазақстан өңірлері макроөңірлерге біріктірілді, олардың әрқайсысы үшін Қазақстан экспортын әртараптандыруға ықпал етуі тиіс деп ұсынылған тауар топтарының тізімі жасалды.

Зерттеу нәтижелерінің таныстырылымы әдістеме мен тәсілдің қысқаша сипаттамасын, макроөңірлерді қалыптастыру уәждемесін, инвестициялық мүмкіндіктерді айқындау кезінде ескерілген көрсеткіштерді, Қазақстан экономикасының күрделілігін арттыруға ықпал етуі тиіс макроөңірлердің әрқайсысы үшін тауарлық ұсынымдарды қамтитын болады.

Модератор
Тимоти Беннетт
Данияр Келбетов
Толығырақ

Энергия инвестициясы: тұрақты болашаққа арналған Smart Grid технологиялары

13:00-13:50
Жасыл өсу
London Hall (Mangilik El 55/17, block C3.2)

Энергия инвестициясы: тұрақты болашаққа арналған Smart Grid технологиялары

Панельдік сессия аясында электр энергетикасы саласындағы өзекті тақырыптар, соның ішінде Smart Grid технологиясын пайдалану, пилоттық жобалар мен рефераттық модельдер, жасыл технологиялар және Азия Даму Банкінің (АДБ), Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінің (ЕҚДБ) осы саладағы рөлі талқыланады. Панельдік сессияда спикерлер ретінде Қазақстан Республикасының Энергетика министрі, АДБ, ЕҚДБ және 4ӨР орталығы базасындағы «Индустрия 4.0» технологиялық консорциумының […]

Модератор
Бақытжан Ілияс
Кристен Панерали
Бекжан Мукатов
Эльвира Қонақбаева
Айдар Рысқұлов
Нинад Лале
Асан Дарбаев
Толығырақ

Astana International Exchange және Abu Dhabi Securities Exchange арасында Tabadul цифрлық биржа орталығына қосылу туралы келісімге қол қою рәсімі

14:00 - 14:30
Main Board room (Mangilik El 55/19, block C3.4)

Astana International Exchange және Abu Dhabi Securities Exchange арасында Tabadul цифрлық биржа орталығына қосылу туралы келісімге қол қою рәсімі

Толығырақ

Адами капитал инновацияларды қалай ынталандырады: ұйым ішіндегі әлеуетті дамыту

14:00-14:50
Инновациялар және олардың әлеуеті
Al-Farabi Hall (Mangilik El 55/18, block C3.3)

Адами капитал инновацияларды қалай ынталандырады: ұйым ішіндегі әлеуетті дамыту

Адами капитал ұйымдарда инновациялар үшін қажетті дағдылар мен құзыреттерді дамытуды, қызметкерлерге оқу мен даму мүмкіндіктерін беруді және эксперименттер мен тәуекелдерді қолдайтын мәдениетті құруды қоса алғанда, инновацияларды ынталандыру үшін қажетті мүмкіндіктерді туғызады. Ұйымдар ішінде әлеуетті арттыру инновацияларды ынталандыру үшін маңызды, өйткені ол қызметкерлерге жаңа идеялар мен шешімдерді жасау үшін қажетті білімді, дағдыларды және шығармашылықты дамытуға мүмкіндік […]

Модератор
Әнуар Жанғозин
Зарина Қашқымбаева
Тахмина Кодири
Сәкен Жұмашев
Әсел Жанасова
Толығырақ

Төмен көміртекті дамуға тұрақты қаржының үлесі: жаңа құралдар

14:00-14:50
Жасыл өсу
AIX Trading Hall (Mangilik Yel 55/19, block C3.4)

Төмен көміртекті дамуға тұрақты қаржының үлесі: жаңа құралдар

Орнықты қаржыландыру инвестицияларды экологиялық орнықты жобаларға бағыттау және төмен көміртекті экономикаға көшуді қолдау арқылы төмен көміртекті дамуды ілгерілетуде шешуші рөл атқара алады. Орнықты қаржыландыру саласында осы мақсатқа жетуге көмектесетін бірқатар жаңа құралдар пайда болуда, олар: «жасыл» және әлеуметтік облигациялар, орнықты дамуға байланысты облигациялар мен несиелер, ESG- инвестициялау, көміртекті офсеттер және басқалар. Осы сессия барысында біз Қазақстан мен өңірде енгізіліп жатқан жаңа қаржы құралдарын талқылаймыз.

Модератор
Альбрехт Конрад
Ма Джун, Д-р
Андраш Бебес
Айдар Рысқұлов
Ляззат Ибрагимова
Гауһар Бөрібаева
Толығырақ

Қаржы орталығындағы ислам банктерінің даму жолдары

14:00-14:50
АХҚО Өнімдері
Astana Hall (Mangilik Yel 55/19, C3.4)

Қаржы орталығындағы ислам банктерінің даму жолдары

Исламдық банкинг қызметтері енді АХҚО-да басқа қаржылық қызметтермен қатар қолжетімді. Бұл бизнес пен жеке тұлғалар арасында шариғат талаптарына сай банктік өнімдер мен қызметтердің танымалдылығының артып келе жатқанын көрсетеді. Бірақ АХҚО-дағы исламдық қаржыландырудың қазіргі даму сатысы қандай? Бұл нарық қаншалықты тартымды және оның қатысушылары қаншалықты белсенді? Біз АХҚО-да қызметтерді жақсарту және клиенттеріміздің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қандай […]

Модератор
Сайед Фаик Нажиб
Гуланор Атобек
Мадина Тукулова
Тарик Малайка
Асқар Баймулдин
Мохд Прасад Ханиф
Толығырақ

АХҚО юрисдикциясының практикалық қолданылуы – 5-жылдық меже

14:00-14:50
Юрисдикция және реттеу
London Hall (Mangilik El 55/17, block C3.2)

АХҚО юрисдикциясының практикалық қолданылуы – 5-жылдық меже

Панельдік сессия АХҚО юрисдикциясын тәжірибе жүзінде қолдануға, оның ішінде АХҚО-да бизнес жүргізу аспектілеріне, корпоративтік құрылымдау, дауларды шешу және коммерциялық мәмілелер бойынша заңгерлік кеңестер беруге арналады.

Модератор
Майкл Блэр
Саймон Кокс
Эндрю Олдлэнд
Кристофер Кэмпбелл-Холт
Максим Бурак
Қуаныш Шекербеков
Толығырақ

Орталық Азия цифрлық активтер экожүйесін дамыту

15:00-15:50
Инновациялар және олардың әлеуеті
Al-Farabi Hall (Mangilik El 55/18, block C3.3)

Орталық Азия цифрлық активтер экожүйесін дамыту

Бұл панельдік сессияда біз цифрлық активтер экожүйесінің пайда болуын, осы қарқынды дамып келе жатқан саланың мүмкіндіктері мен қиындықтарын талқылаймыз. Қатысушыларымыз осы саладағы трендтер, сондай-ақ цифрлық активтердің дәстүрлі қаржы институттарына әсері және дәстүрлі ойыншылар мен цифрлық активтер компаниялары арасындағы ынтымақтастық әлеуеті туралы білімдері мен пікірлерімен бөліседі.

Ғани Өзбеков
Такеши Кито
Есенгелді Рахымбеков
Эту Кунейнен
Андрей Чеботарев
Ермек Рүстембекұлы
Толығырақ

Елдің инвестициялық тартымдылығын арттырудағы визалық және көші-қон құралдарының рөлі

15:00-15:50
Юрисдикция және реттеу
London Hall (Mangilik El 55/17, block C3.2)

Елдің инвестициялық тартымдылығын арттырудағы визалық және көші-қон құралдарының рөлі

Қазақстан мен өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған визалық-көші-қон саясатының жаңа тәсілдері мен құралдары туралы панельдік сессия. Жергілікті және шетелдік мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың сарапшылары визалық режімді либерализациялаудың шетелдік бизнес пен адами капиталға арналған инвестициялық ортаға әсерін талқылайды.

Қазақстанның көші-қон саясатының 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасында көрсетілгендей, инвестициялық тартымдылықтың негізгі тіректерінің бірі – бизнес-иммиграция. Осылайша, «AIFC Multipass» жобасы сияқты визалық-көші-қон құралдарын пайдалана отырып, Қазақстанды өңірде қаржы және инвестициялық орталық ретінде қалыптастыру жөніндегі инновациялық бастамаларды іске асыру аса маңызды міндет болып отыр.

Модератор
Айнұр Жұматова
Ардак Зебешев
Ульф Вокурка
Рафал Трэпка
Талғат Аманбаев
Марко Беретта
Асқар Алдұңғаров
Толығырақ

Исламдық капитал нарығының эволюциясы

15:00-15:50
АХҚО Өнімдері
Astana Hall (Mangilik Yel 55/19, C3.4)

Исламдық капитал нарығының эволюциясы

Исламдық капитал нарығы АХҚО-ның ортақ капитал нарығының ажырамас бөлігі болып табылады және елдің экономикалық өсуін қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады. АХҚО шариғат қағидаттарын ұстанатын инвесторлар мен эмитенттер үшін тиімді ұсыныстар ұсынады. АХҚО мен Қазақстанда ислам капитал нарығын дамудың жаңа деңгейіне қалай ілгерілетуге болады? Исламдық капитал нарығына жаңа биіктерге жетуге көмектесетін қолайлы экожүйені қалай құруға болады? […]

Модератор
Тұрхан Әли Абдул Манап, Д-р
Мұстафа Әділ
Алма Қарабасова
Салмаан Джафери
Арман Батаев
Толығырақ

III Green Finance Awards

15:00-15:50
Жасыл өсу
AIX Trading Hall (Mangilik Yel 55/19, block C3.4)

III Green Finance Awards

GREEN FINANCE AWARDS – АХҚО 2019 жылы құрған және Орталық Азияда, Кавказда, ЕАЭО елдерінде, Батыс Қытайда, Моңғолияда және Шығыс Еуропада «жасыл» және орнықты қаржыны дамыту саласындағы жетістіктерді тануға және көтермелеуге бағытталған халықаралық сыйлық. GREEN FINANCE AWARDS осы маңызды салаға айтарлықтай үлес қосатын адамдар мен ұйымдарды шабыттандыруға және ынталандыруға арналған. Жасыл қаржы секторындағы озық тәжірибелер мен […]

Модератор
Айгүл Құсалиева
Толығырақ

ESG-есептіліктің болашағы

16:00-16:50
Жасыл өсу
AIX Trading Hall (Mangilik Yel 55/19, block C3.4)

ESG-есептіліктің болашағы

ESG-есептілік – ақпаратты ашу, тәуекелдерді басқару және инвестицияларды тарту тұрғысынан маңызды құрал саналады. Сессия S1 және S2 ХҚЕС шолуы мен практикалық талаптарын, жалпы стандарттар мен ISSB климат туралы ақпарат ашудың стандарттарын, сондай-ақ инвесторлардың климаттың өзгеру тәуекелдерін бағалау мүмкіндіктерін талқылау арқылы ESG-есеп беру саласындағы тәжірибе алмасуға және жаңа перспективаларды ұсынуға арналады. Сонымен қатар, сессияда SASB стандарттары мен TCFD ұсынымдары талқыланады.

Модератор
Ясин Анвар
Мария Хаджиева
Мұрат Көшенов
Ченг Лин
Рави Абейвардана
Дэвид Карлин
Толығырақ

АХҚО Инвестициялық салықтық резиденттік бағдарламасының таныстырылымы

16:00-16:50
АХҚО Өнімдері
Astana Hall (Mangilik Yel 55/19, C3.4)

АХҚО Инвестициялық салықтық резиденттік бағдарламасының таныстырылымы

100-ден астам ел дәулетті адамдарға инвестициялар үшін резиденттік және/немесе азаматтық ұсынады. Қазақстан табысы жоғары тұлғалар АХҚО Инвестициялық салықтық резиденттік бағдарламасы шеңберінде ұзақ мерзімді инвесторлық виза, сондай-ақ жеңілдетілген шарттарда Қазақстанның салық резиденті мәртебесін ала алатын елдердің біріне айналды. Сессия инвестициялық көші-қон саласындағы соңғы трендтерге, сенімділікке тексерудің маңыздылығына, сондай-ақ АХҚО-дағы жеке инвесторларға берілетін мүмкіндіктерге арналады.

Хью Морсхед
Кирон Шарп
Джонатан Чарльз
Данияр Келбетов
Арай Сейітова
Толығырақ

Жойқын тәуекелдер және орнықтылық

16:00-16:50
Юрисдикция және реттеу
London Hall (Mangilik El 55/17, block C3.2)

Жойқын тәуекелдер және орнықтылық

Директорлар кеңесі көбінесе сәттілікті тұрақтылықпен шатастырады. Мұнай бағасының қалпына келуі сияқты сәттілік компанияға, мысалы, бағаның жаңа құлдырауы болғанға дейін жоғары көтерілуіне көмектеседі. Тұрақтылық – бұл қаржылық дағдарыс, пандемия, ірі кибершабуыл немесе жаһандық климаттың өзгеруі сияқты сыртқы күйзелістерден кейін компанияның өз қызметін кез келген жолмен басқара білу қабілетінің арқасында тез қалыпқа келу мүмкіндігі. Бұл панельде біз жойқын тәуекелдердің түрлерін және олардың туындау сипаттамаларын, сондай-ақ тұрақты ұйым құру үшін оларға қалай ден қою керектігін талқылаймыз.

Модератор
Александр Ван де Путт, Проф.
Ян Маккей
Исхак Берни
Ульф Вокурка
Карл Джордж, Д-р
Толығырақ

Қазақстанда жеке инвестицияларға салық салу инвесторлар санының өсуінің ықтимал драйверлерінің бірі сияқты

16:00-16:50
Al-Farabi Hall (Mangilik El 55/18, block C3.3)

Қазақстанда жеке инвестицияларға салық салу инвесторлар санының өсуінің ықтимал драйверлерінің бірі сияқты

Салық кодексіндегі жергілікті және шетелдік ұйымдастырылған нарықтардағы жеке инвесторлардың салымдарымен байланысты оң өзгерістер жаңа брокерлік шоттарды ашуға ынталандырып, мәмілелер санының өсуіне ықпал ететін болады, сол арқылы қаржылық қызметтерді тұтыну мәдениетін арттырып, қаржы саласын үдемелі дамытуда тағы бір қадам жасайды.

Модератор
Андрей Чеботарев
Сергей Лукьянов
Данияр Темірбаев
Владимир Фесенко
Арман Александрович Тян
Толығырақ

Көміртегі нарықтарының эволюциясы

17:00-17:50
Жасыл өсу
AIX Trading Hall (Mangilik Yel 55/19, block C3.4)

Көміртегі нарықтарының эволюциясы

Шығарындыларды саудалау жүйесі қазіргі уақытта көміртегі бейтараптығына қол жеткізудегі ең маңызды қадамдардың бірі болып табылады. Халықаралық міндеттемелерге сәйкес елдердің көміртегі бейтараптығына жетудің мерзімдерін ескере отырып, ШСЖ елдерге парниктік газдардың шығарындыларын азайту үшін қажетті платформалар мен инфрақұрылымды ұсынады. Үкімет, өнеркәсіп өкілдері мен халықаралық сарапшылардың қатысуымен бұл сессия Қазақстанның көміртегі саудасын дамыту мәселелерін қозғайтын болады. Сонымен қатар, […]

Модератор
Әсел Нұрахметова
Питер Райтц
Сюзанна Велез Аллер
Виктор Коваленко
Нұржан Кабдолданов
Гүлмира Ысмағұлова
Йохен Бербнер
Толығырақ