width=
Инновация

Акшу Кэмпбелл-Холт

Bitfinex Securities AIFC вице-президенті

Акшу Кэмпбелл-Холт ханым – цифрлық активтерді шығаруға және саудалауға арналған жаһандық платформа Bitfinex Securities AIFC вице-президенті. Ол сондай-ақ Халықаралық қаржы орталықтарының дүниежүзілік альянсына мүшелермен жұмыс жөніндегі басшы қызметін атқарады.

Бұған дейін ол «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құрған команданың құрамында болған. АХҚО-дағы алты жылғы жұмыс барысында ол АХҚО әкімшілігін, АХҚО қаржылық реттеушісі – Астана қаржылық қызметтері басқармасын және Астана халықаралық биржасын қоса алғанда, АХҚО-ның әртүрлі құрылымдарында басшылық лауазымдарда болды. Ол стратегия, бизнес инфрақұрылымын дамыту, нарықтарды дамыту, халықаралық инвестицияларды тарту және орнықты даму бойынша кеңес берді.

АХҚО-ға келгенге дейін ол Катарда он жыл тұрып, жұмыс істеді, Катар қаржы орталығында әртүрлі лауазымдарды атқарды. Кэмпбелл-Холт ханым халықаралық қаржы орталықтарын құруға ұмтылатын дамушы экономикалардың сенімді кеңесшісі болып табылады.

Ол қазір Кембридж университетінде «әлеуметтік инновациялар магистрі» бағдарламасы бойынша оқуда. Ол сондай-ақ Эдинбург бизнес мектебінде MBA және Үндістанда инженер дипломына ие.

Спикердің сессиялары