May 25, 2023

АХҚО Жасыл қаржы орталығы Green Finance Awards сыйлығына қатысуға өтінімдер қабылдауды ашты!

Green Finance Awards 2 жылда бір рет жасыл экономикаға көшу және табиғи ресурстарға ұқыпты қарау идеясына көпшіліктің назарын аудару және насихаттау мақсатында өткізіледі.

Green Finance Awards 2023 марапаттау рәсімі 2023 жылғы 7 маусымда Astana Finance Days конференциясы шеңберінде өтеді.

Биылғы салтанатта 2021-22 жылдары Орталық Азия, Шығыс Еуропа, Кавказ және Моңғолия өңірінде тұрақты қаржыландыру нарығын дамытуға үлес қосқан жеңімпаздар келесі санаттарда марапатталады:

  • Үздік жасыл инвестициялық банкі – өз клиенттеріне тұрақты инвестициялық және банкілік өнімдер мен шешімдердің кең шеңберін ұсынуға және оларды тұрақты болашаққа апаруға үнемі ұмтылумен көзге түскен банкі/қаржы ұйымына беріледі
  • Жасыл қаржыны дамытуға қосқан зор үлесі үшін – жасыл қаржыландыруды дамытуға елеулі үлес қосқан ұйымға немесе жеке тұлғаға беріледі (принциптерді, стандарттарды, нұсқауларды әзірлеу, тұрақты дамуды ынталандыру, әлеуетті арттыру, хабардарлықты арттыру және т.б.)
  • Жасыл қаржы бойынша үздік консалтинг – тұрақты даму саласындағы мақсаттарға тиімді қол жеткізу мақсатында компанияларға өз қызметіне неғұрлым жауапты тәсілдерді енгізуге көмектесетін тұрақты даму жөніндегі жетекші консультантқа беріледі
  • Ең үлкен мемлекеттік жасыл облигация – ең үлкен көлемдегі мемлекеттік жасыл облигациялар шығарған елдің үкіметіне беріледі
  • Ең ірі қаржылық емес корпоративтік жасыл облигация – жасыл облигациялардың ең ірі шығарылымымен көзге түскен қаржылық емес корпорацияға беріледі.

Тиісті санаттағы марапатты алу үшін ӨТІНІМДІ толтыру арқылы кез келген жеке тұлғаны, заңды тұлғаны, қауымдастықты ұсынуға болады.

Әрбір ұсыныс құжаттық дәлелдермен, сондай-ақ аталған үміткердің жеңімпаз болып табылатындығының нақты негіздемесімен қамтамасыз етілуі керек.

Егер Сізде өтінім беру бойынша қандай да бір сұрақтар туындаса, мына мекенжайға хабарласуыңызды сұраймыз [email protected].

 

Өтініш берудің басталу күні: 2023 жылғы 18 сәуір

Өтінімдерді қабылдаудың соңғы күні: 2023 жылғы 9 мамыр