width=
Серпін

Төлеген Омарбеков

Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институтының басқарма төрағасы

Төлеген Базарұлы еңбек жолын «Эксперт-Консалтинг» ЖШС сараптама және аудит бөлімінің маманы, басшысы болып бастаған.

Кейін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі инновациялық инфрақұрылым басқармасының бастығы, жаңа технологиялар және энергия үнемдеу департаменті директорының орынбасары, жаңа технологиялар және энергия үнемдеу департаментінің директоры болды.

2014 жылдан – «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА Басқарушы компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары;

Ал 2015-2022 жылдары – «Инновациялық технологиялар паркі» (Techgarden) автономды кластерлік қорының аппарат басшысы, бас директорының орынбасары;

2023 жылғы наурыздан қазіргі уақытқа дейін – «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ («Қазақэнергосараптама») Басқарма төрағасы.

Спикердің сессиялары