Инвестиция
Салтанат Сатжан
«Самұрық-Қазына» АҚ даму және жекешелендіру жөніндегі Басқарушы директоры
Салтанат Сатжан Австралия ұлттық университетінде экономика бакалавры және Уорвик университетінде MBA дәрежесін алды.
Ол өзінің мансабын Астанадағы Deloitte LLP-де бастады, «Самұрық-Қазына» АҚ-да түрлі позицияларда – бас менеджер, экономикалық талдау секторының басшысы, Қордың жиынтық-талдау жұмысы және бақылау департаментінің басшысы ретінде 10 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар.
2023 жылдың тамыз айынан бастап «Самұрық-Қазына» АҚ даму және жекешелендіру жөніндегі басқарушы директоры болып жұмыс істейді. FCCA сертификаты және саладағы жетістіктері бойынша түрлі марапаттары бар.