Марат Елібаев
"Қазақстанның Даму Банкі" АҚ Басқарма төрағасы
Марат Елібаев – 20 жылдан астам тәжірибесі бар, оның ішінде халықаралық қаржы саласында жұмыс істеген жоғары білікті менеджер. Ол «үлкен төрттікке» кіретін PricewaterhouseCoopers және Deloitte компанияларында бірігу және жұтылу істерімен айналысты, сондай-ақ мемлекеттік компаниялар мен тау-кен өнеркәсібі, металлургия, мұнай-газ, көлік және логистика салаларындағы жобаларға аудит жүргізді.
Еуропалық қайта құру және даму банкінің ЖЭК саласындағы арнайы бағдарламасын үйлестіріп, Қазақстандағы жаңартылатын энергия көздері саласының дамуына белсенді қатысқан.
CITIC Kazyna Investment Fund I L.P. компаниясында Қазақстанның шикізаттық емес секторларындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асырған.
2022 жылдың ақпанынан бастап «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-да қызмет атқарып, 2023 жылдың желтоқсанында Басқарма төрағасы болып тағайындалды.
Марат Елібаев Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Қаржы және бухгалтерлік есеп» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2004 жылы Халықаралық бизнес академиясында MBA бағдарламасының басқару модулін (кәсіби менеджер) оқып, кейіннен «Болашақ» халықаралық бағдарламасы аясында London Business School-да қаржы магистрі (корпоративтік қаржы) дәрежесін иеленген. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.