width=
Инновация

Евгений Кочетов

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі

Жалпы ақпарат, білімі

Евгений Дмитриевич  Кочетов 1988 жылы Астана қаласында дүниеге келген.

Қазақ гуманитарлық заң университетін, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген.

Мансап

2009-2013 жылдар аралығында «Жас Отан» ЖҚ және «Нұр Отан» ХДП орталық аппаратының түрлі құрылымдық бөлімшелерінің кеңесшісі, сарапшысы, консультанты лауазымдарында жұмыс істеді.

2013-2014 жылдары — «Цесна Корпорациясы» АҚ девелопмент бөлімшесінің басшысы.

Әр жылдары жеке коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді.

2016 жылы «Қазконтент» АҚ-ның Kaztube.kz жобасының жетекшісі болды.

2016-2017 жылдары – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Орталық коммуникациялар қызметінің директоры.

2017-2018 жылдары — «Қазконтент» АҚ Басқарма төрағасы.

2018-2019 жылдары «Нұр Отан» партиясының стратегиялық бастамалар институты директорының орынбасары қызметін атқарды.

2019-2020 жылдары – «Рухани Жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты КЕАҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі.

2020 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Медиа Даму коры» корпоративтік Қорының бас директоры болып жұмыс істеді.

Әр жылдары «Литер» қоғамдық-саяси газетінің, «Капитал» іскерлік басылымының, «Власть» интернет-журналының, «Информбюро» ақпараттық-талдау порталының шолушысы болып жұмыс істеді.

Спикердің сессиялары