width=
Серпін

Ботагөз Әбішева

Қазақстанның Даму Банкі Басқарма төрағасының орынбасары

Білімі:

1993-1997 жылдары Қазақстанның Құқықтану және Халықаралық қатынастар институтында (ҚҚХҚИ) «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша білім алды. 2013-2014 жылдары Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінде оқуын жалғастырды, мамандануы – қаржы, онда 2018 жылы Экономика ғылымдарының магистрі дәрежесін алды. 2020-2022 жылдары Renmin University of China, IMBA (Пекин, ҚХР) бітірді.

Еңбек қызметі туралы мәліметтер:

  • Кәсіби қызметін 1998 жылы ТұранӘлем Банкінің халықаралық департаментінде бастаған.
    2003-2007 жылдар аралығында Қытайдың Пекин қаласындағы ТұранӘлем Банкінің Банкинг жөніндегі директоры–Өкілдік басшысының орынбасары және Өкілдік басшысы лауазымын атқарды.
  • 2007 жылдан бастап 2010 жылға дейін Ресей Федерациясының Мәскеу қаласындағы ICICI Bank Eurasia Қаржы институттары бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді.
  • ҚДБ-да 2010 жылғы 15 ақпаннан бастап жұмыс істейді. Банкте жұмыс істеген уақытта ол Қорландыру және халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасарынан Басқарушы директорға дейінгі қызмет жолынан өтті.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 25 ақпандағы шешімімен Банк Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Спикердің сессиялары