width=
Серпін

Бағдат Әміреев

Түркі инвестициялық қорының президенті

Бағдад Әміреев 1959 жылы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Оңтүстік Қазақстан облысының Шолаққорған қаласында дүниеге келген.

Білімі:

  • 1976-1982 жж. – тәжік мемлекеттік университетінің шығыстану кафедрасы, Душанбе қаласы (Тәжікстан Республикасы).

Жұмыс тәжірибесі:

  • 1980-1981 жж. – Йемен Демократиялық Республикасында аудармашы.
  • 1982-1985 жж.  – КСРО-ның Дамаскідегі (Сирия) Елшілігі.
  • 1985-1988 жж.  – Әл-Фараби ат. Қазақ мемлекеттік университетінің аға оқытушысы.
  • 1988-1991 жж. –  КСРО-ның Бағдадтағы (Ирак) Елшілігі.
  • 1992-1994 жж. –  Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Таяу Шығыс бөлімінің бастығы.
  • 1995-1996 жж. – ҚР СІМ Таяу Шығыс (Араб елдері және Израиль), Таяу Шығыс (Түркия, Иран және Ауғанстан) және Африка басқармасының бастығы.
  • 1996-2002 жж. –  Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі. Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі, Бахрейн Корольдігіндегі, Оман Сұлтандығындағы және Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі. Қазақстан Республикасының Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы (ИЫҰ) жанындағы тұрақты өкілі
  • 2002-2008 жж. –  Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. Қазақстан Республикасының Таяу Шығыстағы және Иордания Хашимит Корольдігіндегі, Ливан Республикасындағы, Марокко Корольдігіндегі, Социалистік Ливия Халықтық Араб Джамахириясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. Қазақстанның Африка елдеріндегі үйлестіруші елшісі. Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ислам ұйымы (ИСЕСКО) жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі.
  • 2008-2011 жж. –  Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.
  • 2011 – 2018 жж. –  Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.
  • 2018-2022 жж. –  Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы (ОТГ).
  • 2022 – қазіргі уақытқа дейін – Түркі инвестициялық қорының (ТИҚ) президенті.
Спикердің сессиялары