width=
AIFC Community

Аслан Сұлтанов

White Hill Capital, Tumar Venture Fund және и Al-Farabi Innovation Hub бас директоры

А.Сұлтанов – кәсіби инвестор және венчурлық индустрияның сарапшысы. Аслан White Hill Capital компаниясының негізін қалаушы және басқарушы серіктесі, Таяу Шығыс пен Орта Азия аймақтарына мамандандырылған 50 миллион долларлық Tumar Venture Fund венчурлық қорын басқарады. 2024 жылы Аслан Сауд Арабиясында MENA аймағында қазақстандық кәсіпкерлерді дамытуға көмектесу үшін Al-Farabi Innovation Hub-ты ашып, дамытуда. Аслан – стартап-экожүйелерді құру сарапшысы және үкіметтерге венчурлық индустрияның цифрлық экономикасын дамыту жөнінде консультация береді. Ол пікір көшбасшысы және көбінесе дамушы нарықтардағы инвестициялау және технологиялық компанияларды масштабтау тақырыптарына арналған іс-шараларда негізгі баяндамашы ретінде қатысады. Аслан сонымен қатар Қазақстанның Венчурлық капитал және тікелей инвестициялар қауымдастығының негізін қалаушы және Басқарма Төрағасы. Бұған дейін «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорында басшылық лауазымдар атқарды, сондай-ақ «Самұрық-Қазына Инвест», ірі коммерциялық банктердің Бас директоры болған. Сұлтанов асық ату ұлттық спорт түрін жаңғыртумен және дамытумен айналысады және 2023 жылы Қазақстанның асық ату ұлттық федерациясының (Ұлттық спорт түрлері қауымдастығына кіреді) президенті болып сайланды. Асланның инвестиция саласындағы бүкіл жұмыс тәжірибесі 20 жылдан астам, оның ішінде басшылық лауазымдардағы тәжірибесі 15 жылды құрайды.
Спикердің сессиялары