June 1, 2023

AFD бейдждер туралы

Құрметті «Astana Finance Days» іс-шарасының қатысушылары,

Атаулы бейдждерді беру 5 маусымда (дүйсенбі) сағат 09.00-де АХҚО-ның С3.2 блогында (Мәңгілік ел 55/17) орналасқан AFD тіркеу орнында басталады. Бейджді алу үшін өзіңізбен бірге жеке басыңызды куәландыратын құжатты ала келуіңіз керек.

Конференция өтетін орындарға кіру

Берілген бейдж 7 маусымда АХҚО-да өтетін Astana Finance Days бағдарламасы аясындағы барлық ашық панельдік сессияларға кіруге мүмкіндік береді.