AFD 2023 күн тәртібі

7 маусым

Макроэкономикалық даму перспективаларына шолу

09:30-11:15
Капитал нарықтары
AIX Trading Hall (Mangilik Yel 55/19, block C3.4,)

Макроэкономикалық даму перспективаларына шолу

Саясат, технологиялар және реттеу шаралары мәселелерінің кең ауқымына арналған «Макроэкономикалық даму перспективаларына шолу» сессиясы Қазақстанның орнықты және инклюзивті экономикаға және сенімді капитал нарығына ұмтылу мүмкіндіктерін талқылау үшін саланың ықпалды көшбасшылары мен мемлекет қайраткерлерінің басын қосады. Өзін Еуропа мен Азия арасындағы байланыстырушы буын ретінде көрсете отырып, Қазақстан Жаңа Жібек жолын құруға инвестициялау үшін тамаша мүмкіндіктер ұсынады. […]

Модератор
Тимоти Беннетт
Азамат Әмрин
Ақылжан Баймағамбетов
Хусейн Озхан
Елена Елисеенко
Ернар Жанәділ
Толығырақ

Экономикалық күрделілік және әртараптандыру: Гарвард университетінің жанындағы Қазақстан бойынша Өсу зертханасының есебі

13:00 - 13:50
Astana Hall (Mangilik El 55/19, block C3.4)

Экономикалық күрделілік және әртараптандыру: Гарвард университетінің жанындағы Қазақстан бойынша Өсу зертханасының есебі

Гарвард университетінің жанындағы Өсу зертханасы мен АХҚО экспорттық және инвестициялық перспективаларды, сондай-ақ ғылыми тәсілге сүйене отырып, экономиканың өсуі мен экспортты әртараптандыру үшін бірқатар ұсынымдарды анықтау мақсатында Қазақстанның экономикасы мен экспортының күрделілігі жөнінде зерттеу жүргізді.

Тауарлардың күрделілігі тұрғысынан Қазақстанның экспорттық себетіне талдау жасалды және осы талдаудың негізінде ұқсас өндірістік мүмкіндіктері бар Қазақстан өңірлері макроөңірлерге біріктірілді, олардың әрқайсысы үшін Қазақстан экспортын әртараптандыруға ықпал етуі тиіс деп ұсынылған тауар топтарының тізімі жасалды.

Зерттеу нәтижелерінің таныстырылымы әдістеме мен тәсілдің қысқаша сипаттамасын, макроөңірлерді қалыптастыру уәждемесін, инвестициялық мүмкіндіктерді айқындау кезінде ескерілген көрсеткіштерді, Қазақстан экономикасының күрделілігін арттыруға ықпал етуі тиіс макроөңірлердің әрқайсысы үшін тауарлық ұсынымдарды қамтитын болады.

Модератор
Тимоти Беннетт
Данияр Келбетов
Толығырақ