Hilton Astana

04.09.2024
12:00-18:30

ITS IDEAS 2024: әлемдік қаржы нарығының мүмкіндіктері

Сипаттама

ITS (International Trading System) халықаралық сауда платформасы 2024 жылдың 4 қыркүйегінде Астана уақыты бойынша сағат 12:00-де (UTC 07:00) «ITS IDEAS 2024: әлемдік қаржы нарығының мүмкіндіктері» конференциясын өткізеді.

Жетекші инвестициялық банктердің, хедж-қорлардың және кәсіби трейдерлердің сарапшылары әлемдік қаржы нарығындағы оқиғалардың болжамды өрбу сценарийлерін және олардың активтердің әртүрлі класстарына әсерін талқылайды.

Арнайы қонақ – аты аңызға айналған американдық инвестор, инвесторларға 10 жыл ішінде 4200% табыс әкелген Quantum қорының негізін қалаушы Джим Роджерс өзінің инвестициялық стратегиялары туралы айтып, конференция аудиториясының сұрақтарына жауап береді.

Кәсіби қаржы делдалдары танымал инвестициялық құралдар мен инвесторларға арналған қызметтер туралы әңгімелеп, әлеуметтік сауда феномені мен жасанды интеллект негізінде мүмкін болатын шешімдерді талқылайды.

Қаржы нарықтарындағы соңғы инвестициялық идеяларды білу үшін конференцияға онлайн форматта қосылуға болады. Қатысушыларды қош көреміз!

Барлық тіркелген тыңдаушылар «ITS IDEAS» инвестициялық идеялар сервисіне бір жыл бойы тегін толық қол жеткізу алады.

ITS IDEAS 2024 бағдарламасы туралы толық ақпарат және тіркелу.

Спикерлер