Сеанс модераторы
Зүлфия Сүлейменова
Президентінің кеңесшісі – Президенттің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі
Соңғы жылдары дамушы экономикасы бар елдер жаһандық қаржыландыру мен орнықты дамудың ең маңызды қатысушылары ретінде көбірек таныла бастады. Бұл елдер экономикалық, әлеуметтік және экологиялық салаларда қарқынды өзгерістерге ұшыраған сайын, орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуді қолдау үшін қаржыны тиімді жұмылдыру қажеттілігі артуда. Мысалы, Қазақстан қолданыстағы «жасыл» таксономияны кеңейтіп және оған газ отынына көшу жобаларын қосып, осы мәселелерді проблемаларды шешу үшін жұмыс жасады, сондай-ақ орнықты дамумен байланысты корпоративтік облигациялардың (орнықты дамумен байланысты облигациялар немесе ОДБО) бірінші шығарылымын ұсынды. Өнеркәсіпті, қаржы мекемелерін және экономиканы анағұрлым орнықты тәжірибелер мен технологияларға көшуде қолдауға бағытталған өтпелі кезеңді қаржыландыру маңызды аспект болып табылады. Бұл сессияның мақсаты – нақты өзгерістерді ынталандыру үшін өтпелі кезеңді қаржыландырудың стратегиялары мен жоспарларын жүзеге асырудың практикалық аспектілерін және жоспарларын қарастыру.