Бекжан Пирматов
«ForteBank» АҚ Басқармасының төрағасы
2022 жылғы 11 шілдеде «ForteBank» АҚ Басқармасының Төрағасы болып тағайындалды.
Оған дейін, 2020 жылдың маусым айынан бастап ол «ForteBank» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары, Басқарма мүшесі болған, Банкте корпоративтік бизнес және қазынашылық саласына жетекшілік еткен.
Банк секторына 2004 жылғы сәуірде «Банк Каспийский» АҚ-ның бизнесті дамыту бөлімінің менеджері ретінде келген ол, кейін «Банк Тұран Әлем» АҚ-да халықаралық қатынастар және сауданы қаржыландыру басқармасында жұмыс істеген.
Әрі қарай мансабын «HSBC Kazakhstan» АҚ Еншілес Банкінде – ірі корпоративтік клиенттермен жұмыс жөніндегі басқарманың бастығы болып, кейінірек – осы қаржы институтында корпоративтік директор болып жалғастырған.
Еуропалық қайта құру және даму банкінде жетекші банкир болған, «Казкоммерцбанк» АҚ-да корпоративтік бизнес департаментін басқарған.
«First Heartland Jusan Bank» АҚ-да басқарма төрағасының орынбасары, басқарма төрағасы позицияларында жұмыс істеген, кейін «First Heartland Jusan Invest» АҚ басқарған.
2005 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде менеджмент бакалавры дәрежесін алған. Джордж Вашингтон Университетінің Бзнес мектебінде білімін жетілдірген, ғылым магистрі (MS).