Антон Бороздин
Орталық Азиядағы бизнесті дамыту департаментінің аға директоры, Visa
Антон Бороздин – Орталық Азиядағы бизнесті дамыту департаментінің аға директоры, Қазақстанның Алматы қаласында жұмыс істейді.. Бұл қызметте Антон өңірдегі электронды төлемдер бизнесінің дамуына жетекшілік етеді.
Антонның бөлшек банк қызметтері, сату, бизнесті дамыту, карта өнімдері және цифрлық арналар саласында 15 жылдан астам тәжірибесі бар. Ол Visa-ға 2020 жылы Орталық Азиядағы бизнесті дамыту жөніндегі басшы ретінде келді. Антон сатылымдарды арттыруға және жаңа өнімдерді енгізуге көңіл бөліп, клиенттер үшін жаңа бизнес мүмкіндіктер жасады.
2020 жылдың желтоқсанынан 2021 жылдың мамырына дейін Антон Visa-ның Орталық Азия елдеріндегі өңірлік менеджер қызметін атқарып, Visa-ның өңірдегі стратегиясын сәтті ілгерілетті, бұл Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркіменстандағы нарықтағы үлесті арттырды және клиенттермен қарым-қатынасты жақсартты.
Visa-ға келмес бұрын ол Орталық Азия өңірінде Mastercard-та менеджер, жоба басшысы болып жұмыс істеп, әртүрлі деңгейдегі клиенттермен қарым-қатынасты дамытты және клиенттердің бизнесін кеңейтуге мүмкіндіктер ұсынды.
Антон 2017 жылдан бері Орталық Азияда тұрады және осы уақыт ішінде ол өңірдің іскерлік ландшафты мен мәдениетін егжей-тегжейлі зерттеді.
Украинаның Донецк қаласындағы «Еуропалық университет» жеке университетінде банк ісі бойынша бакалавр дәрежесін алды.