Инновация
Айдос Жұмағұлов
«Фридом Банк Қазақстан» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі
Қаржы секторында 20 жылдық жұмыс өтілі бар цифрлық банкинг саласындағы сарапшы. Т. Рысқұлов атындағы университетті және City Business School-ды бітірген, MBA дәрежесіне ие. «Банк Каспий» АҚ Бөлшек бизнес департаментінің бөлім бастығы, «Нұрбанк» АҚ және «Альянс Банк» АҚ Бөлшек бизнес департаментінің директоры, «Орыс славян Банкі» АҚ дирекциясының директоры және «Астана Банкі» АҚ Басқарушы директоры, Басқарма мүшесі болып жұмыс істеді. Freedom Bank-те стратегия мен трансформацияға жауап береді. Оның басшылығымен ҚР-да теңдесі жоқ бірегей өнімдер – Цифрлық ипотека, Цифрлық автокредит және Бизнеске арналған Цифрлық кредит іске қосылды.