Сәуле Жақаева
«Ситибанк Қазақстан» АҚ Басқарма төрайымы
Жақаева Сәуле Мағауияқызы 2021 жылдың қыркүйегінде «Ситибанк Қазақстан» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды. Жақаева ханымның қаржы қызметтері саласында 25 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар, оның 20 жылы «Ситибанк Қазақстан» АҚ-да басшылық лауазымда өтті. 2004 жылдан бастап Сәуле басқарма төрағасының орынбасары болды. Сәуле Жақаеваның Қазақстан Республикасының ірі кредиттік ұйымдарында айтарлықтай жұмыс тәжірибесі бар.
Citi-дегі мансабы кезінде Сәуле жедел-техникалық басқарманың басшысы лауазымын атқарды. Сәуле әрі қарай ақша қаражатын басқару шешімдерін, саудалық қаржыландыру және кастодиандық қызметтерді қоса алғанда, Citi-дің нарықтағы жетекші қазынашылық шешімдерін енгізуге жауапты Қазақстандағы транзакциялық бизнес бөлімшесін (CTS) басқарды. 2012 жылы Сәуле корпоративтік банкингтің басшысы болып тағайындалды, ал 2015 жылдан бастап – Қазақстанда корпоративтік банкинг пен халықаралық клиенттермен жұмыс жөніндегі басқарманы қоса алғанда, барлық бизнесті жүргізуге жауапты болды. Бұл лауазымда Сәуле клиенттермен қарым-қатынасты, соның ішінде тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылауды сақтауды, сондай-ақ Citi-дің аймақтағы беделін көтеруге және нығайтуға жауапты болды. Сәуле борыштық және акционерлік капитал нарықтарында Қазақстандық клиенттер үшін қаржыландыруды тарту бойынша бірқатар елеулі мәмілелерге, сондай-ақ өтімділікті тікелей сақтау және басқару жөніндегі ірі мәмілелерге қатысты.
Сәуле Т.Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (Алматы, Қазақстан) «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген, HEC Paris француз бизнес мектебінен және Халықаралық бизнес академиясынан (қазір Алматы Менеджмент Университеті) магистр дәрежесін иеленген.