Әсел Мұқажанова
Басқарма төрайымы, AIX
2023 жылдың 7 қыркүйегiнен бастап Әсел Мұқажанова AIX Басқарма төрайымы болып тағайындалды.
Әсел Мұқажанова AIX-та Нарықтар мен өнімдерді дамыту бойынша басқарушы директор, басқарма мүшесі болып қызмет істеді және 2023 жылдың қаңтарынан бастап AIX Басқарма төрайымының міндетін атқарушы ретінде AIX-ты басқарды.
Әсел Мұқажанова еңбек жолын 1992 жылы «Тұран» банкінің валюталық операциялар бөлімшесінде бастаған. Оның қаржы және банк қызметтері саласында 25 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар. АХҚО-ға/AIX-ке келгенге дейін Әсел «Қазкоммерцбанк» АҚ-да атқарушы директор лауазымын атқарып, халықаралық банк ісі, капитал нарықтары, инвесторлармен қарым-қатынас, M&A алу және стратегия бойынша мәселелерде маманданды.
Мұқажанова ханымның халықаралық бизнес-қоғамдастықпен жұмыс істеу бойынша мол тәжірибесі бар, ол қаржыландыру тарту, соның ішінде синдикатталған несиелер, еурооблигациялар, секьюриттеу, жеке бағалы қағаздарды орналастыру бойынша әртүрлі маңызды мәмілелерге белсенді қатысты. Ол M&A мәмілелерінде жетекші рөл атқарды және стратегиялар әзірлеу жобалары бойынша жұмыс істеді. Әсел стратегиялық инвесторлармен IPO-ға дайындау мәмілелеріне белсенді атсалысты, бұл жұмыстар кейін Қазақстандағы алғашқы халықаралық IPO-лардың бірін, сондай-ақ жақында «Қазмұнайгаз» ҰК АҚ IPO-сын өткізуге әкелді.
Әсел Қазақ басқару академиясын «Халықаралық бизнес» мамандығы бойынша бітірді, Лондон және Гарвард бизнес-мектептерінде басшыларға арналған курстарды өтті.