width=
ХТО: Арбитраж саласындағы әйелдер күні

Ната Гибрадзе

кеңесші, Hogan Lovells

Ната Гибрадзе Мюнхендегі Hogan Lovells International LLP Халықаралық төрелік тобында кеңесші лауазымын атқарады. Ол халықаралық коммерциялық арбитражда клиенттердің мүдделерін қорғайды және негізінен энергетика (мұнай-газ, жаңартылатын энергия көздері), құрылыс, инфрақұрылым және инжиниринг слаларында маманданған. Ната ханымның практикасы негізінен Орталық және Шығыс Еуропа, Түркия және Орталық Азия аймағында шоғырланған.

Ната ханым барлық негізгі арбитраждық регламенттер бойынша мүдделерді қарғаудың бай тәжірибесіне ие. Сонымен қатар, Ната төреліктерге әртүрлі юрисдикцияларда адвокат, төреші және төрелік соттың хатшысы ретінде қатысты. Сонымен қатар, ол құрылыс келісімшарттары аясында соттарда клиенттердің мүдделерін сәтті қорғау тәжірибесіне ие. Ната ханым халықаралық арбитраж тақырыптары бойынша спикер және мақалалар авторы ретінде белгілі. Ол Әйел төрешілердің атқару комитетінің мүшесі болып табылады. Сонымен қатар бірнеше кәсіби қауымдастықтың жұмысына белсенді атсалысады.

Спикердің сессиялары