width=
ХТО: Арбитраж саласындағы әйелдер күні

Ардақ Идаятова

серіктес, дауларды шешу парктикасының басшысы

Ардақ Идаятова Қазақстандағы Кinstellar кеңселерінде серіктес және дауларды шешу практикасының басшысы болып табылады. 20 жылдан астам тәжірибесі бар ол коммерциялық арбитраж және сот ісін жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік-жекеменшік серіктестік және жылжымайтын мүлік салаларында маманданған.
Ардақтың ірі инфрақұрылымдық жобаларды, негізінен шетелдік инвесторлар, халықаралық даму банктері және шетелдік инвесторлар тарапында кешенді сүйемелдеу бойынша мол тәжірибесі бар. Сонымен қатар, Ардақ шетелдік коммерциялық төреліктерде сенім білдірушілердің мүдделерін қорғайды және оларға, негізінен FIDIC-тің әртүрлі модельдері бойынша келісімшарттардағы құрылыс дауларымен байланысты сараптамалық көмек көрсетеді. Ол Стокгольмде, Парижде және Лондонда Халықаралық сауда палатасы (ICC), ЮНСИТРАЛ, LCIA және SCC қағидалары бойынша қаралған істерге, сондай-ақ қазақстандық төреліктерге қатысты.
Chambers Asia-Pacific нұсқасы бойынша дауларды шешу саласында Қазақстанда 2024 ж. Band 3 заңгері деп танылған және Legal 500 нұсқасы бойынша дауларды шешу саласында Қазақстанда 2023 ж. жаңа буын серіктесі атанған Ардақты «ерекше техникалық дағдылары бар жоғары кәсіби және бизнеске бағытталған керемет заңгер» ретінде сипатталып, сенім білдірушілердің мақтауына ие болды.

Спикердің сессиялары