width=
ХТО: Арбитраж саласындағы әйелдер күні

Айгүл Кенжебаева

серіктес, Dentons (Қазақстан)

Айгүл Кенжебаева корпоративтік құқық, қосылу және жұтылу, энергетика және табиғи ресурстар, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік және инфрақұрылымдық жобалар, зияткерлік меншік, бәсекелестік құқық және дауларды шешу бойынша жетекші қазақстандық заңгерлердің бірі болып табылады. Ол дауларды шешу саласындағы жетекші мамандардың бірі. Айгүл Кенжебаева заң практикасымен 30 жылдан астам айналысып келеді, ал оған дейін 11 жыл экономика және құқық саласында зерттеуші болып жұмыс істеген.
Айгүл Кенжебаева 1994 жылғы тамызда Алматы кеңсесі ашылғаннан бастап 2022 жылға дейін Қазақстан мен Орталық Азиядағы Dentons (бұрынғы – salans) кеңселерінің басқарушы серіктес лауазымын атқарды.

Ол сондай-ақ Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Халықаралық кеңестің, «Астана» халықаралық қаржы орталығының жанындағы Халықаралық төрелік орталықтың төрелік алқа мүшелері және АХҚО Cотының Пайдаланушылар комитетінің мүшелері құрамына кіреді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Заң консультанттары палаталары, Қазақстан мұнай-газ саласындағы заңгерлер қауымдастықтарының Басқарма мүшесі және Алматыдағы Норвегия Корольдігінің құрметті консулы болып табылады.

Спикердің сессиялары