width=
Инновация

Дәрмен Садуақасов

DASCO Consulting Group негізін қалаушы

Сәдуақасов мырза – қазақстандық шахматшы, гроссмейстер (1999), қоғам қайраткері. 2018 жылдан бастап стратегиялық басқаруға, IT-технологияларға, инвестицияларға, мемлекеттік және мұнай-газ секторына маманданған Dasco Consulting Group құрылтайшысы, басқарушы серіктесі.

2009 жылдан 2012 жылға дейін ҚР Президенті Әкімшілігінде кеңесші және сектор меңгерушісі болып жұмыс істеді. 2012 жылдан 2013 жылға дейін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің жоспарлау және сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі болды. 2013 жылдан 2016 жылға дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Талдау және болжау департаментін және Стратегия және жинақ-үйлестіру жұмысы департаментін басқарды. 2016 жылдан 2018 жылға дейін Стратегиялық бастамалар орталығы консалтингтік компаниясының аға серіктесі. ҚР Шахмат федерациясының вице-президенті, ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшесі, «Болашақ» халықаралық президенттік стипендиясы стипендиаттары қауымдастығы кеңесінің мүшесі, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әлеуметтік-экономикалық реформалар мониторингін талдау орталығының мүшесі.

Дәрмен Л.Н. Гумилев ат. Еуразия ұлттық университетін «аударма ісі» мамандығы бойынша бітірген. 2009 жылы Карнеги Меллон университетінде (АҚШ) Мемлекеттік басқару магистратурасын бітірді. 2015 жылы PhD дәрежесін (Инвестицияларды басқару) алды. Кембридж университетінде, Голландия басқару институтында, Боккони университетінде, Калифорния университетінде және т.б. тағылымдамалар мен біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

Спикердің сессиялары