AFD 2024 күн тәртібі

ITS IDEAS 2024: әлемдік қаржы нарығының мүмкіндіктері

04.09.2024
12:00-18:30
Hilton Astana

ITS IDEAS 2024: әлемдік қаржы нарығының мүмкіндіктері

ITS (International Trading System) халықаралық сауда платформасы 2024 жылдың 4 қыркүйегінде Астана уақыты бойынша сағат 12:00-де (UTC 07:00) «ITS IDEAS 2024: әлемдік қаржы нарығының мүмкіндіктері» конференциясын өткізеді.

Толығырақ

Қазақстан және Орталық Азиядағы төлем ландшафтының трансформациясы

05.09.2024
09:00-10:00
Инновация
London Hall C3.2

Қазақстан және Орталық Азиядағы төлем ландшафтының трансформациясы

Панельдік дискуссия нарықтағы негізгі трендтерді, сын-тегеуіріндер мен жаңа мүмкіндіктерді жария етіп, Қазақстандағы финтехтің қызықты әлеміне енгізеді.  Сарапшылар елдегі финтех-индустрияның дамуы, финтех пен необанктердің бәсекелестік ерекшеліктері, сондай-ақ қаржы секторын цифрландырудың арқасында клиенттер алатын артықшылықтар туралы айтып береді.

Модератор
Антон Бороздин
Айдос Жұмағұлов
Ләззат Сатиева
Руслан Владимиров
Нариман Мукушев
Бекжан Пирматов
Толығырақ

Қаржы, құқық және даму: өңірдегі инфрақұрылымдық жобаларға инвестициялардың болашағын қалыптастыру

05.09.2024
09:00-10:00
Инвестиция
Al Farabi Hall C3.3

Қаржы, құқық және даму: өңірдегі инфрақұрылымдық жобаларға инвестициялардың болашағын қалыптастыру

Бұл панельдік сессияда Қазақстандағы және ТМД-ның басқа елдеріндегі инфрақұрылымдағы ұлғайып келе жатқан «алшақтықтың» көкейкесті мәселесі қаралады. Қаржыландыру саласындағы инновациялық шешімдерге баса назар аударыла отырып, талқылау барысында халықаралық қаржы институттарының (ХҚИ) шешуші рөлі, аралас қаржыландырудың өсуі және инвестициялар тартудағы нормативтік базаның маңыздылығы атап айтылатын болады.

Модератор
Ренат Бектұров
Қуандық Қажкенов
Рустам Карагойшин
Хусейн Озхан
Моаззам Мекан
Толығырақ

Панельдік сессияның ашылуы

05.09.2024
10:00 – 10:30
ХТО: Арбитраж саласындағы әйелдер күні
Aiteke Bi Hall С3.1

Панельдік сессияның ашылуы

«ХТО: Арбитраждағы әйелдер күні» әлемнің жетекші әйелдер арбитрлерін, ғалымдарын және заңгерлерін біріктіреді. Бұл іс-шара сарапшылармен пікір алмасуға және идеялармен бөлісуге, сондай-ақ халықаралық арбитраж саласындағы әртүрліліктің маңыздылығын талқылауға арналған алаң ұсынады.

Мэлдон Лорды Бернетт
София Жылқайдарова
Томас Крюммель
Эльвира Азимова
Толығырақ

Өзгерістер мүмкіндіктерін кеңейте отырып: энергетика және құрылыс саласындағы дауларды шешу

05.09.2024
10:30 – 11:30
ХТО: Арбитраж саласындағы әйелдер күні
Aiteke Bi Hall С3.1

Өзгерістер мүмкіндіктерін кеңейте отырып: энергетика және құрылыс саласындағы дауларды шешу

Сессия аясында спикерлер аталған салалар бойынша маманданған заңгер әйелдердің тәжірибесіне, сондай-ақ, жалпы инклюзивтілікке айрықша назар аудара отырып, энергетика және құрылыс секторларындағы дауларды шешуге байланысты мәселелерді талқылайды.

Модератор
Ната Гибрадзе
Айгүл Кенжебаева
Ардақ Идаятова
Татьяна Полевщикова
Феруза Бобокулова
Толығырақ

Орталық Азиядағы орнықты қаржыландырудың ахуалы туралы әңгімелесу

05.09.2024
10:30-11:30
Серпін
Al Farabi Hall C 3.3

Орталық Азиядағы орнықты қаржыландырудың ахуалы туралы әңгімелесу

Орталық Азия елдері орнықты дамудың, Париж келісімінің мақсаттарына және көміртегі бейтараптығына қол жеткізу үшін айтарлықтай капиталды қажет етеді. Осыған байланысты инновациялық қаржы құралдарын пайдалану және жергілікті орнықты қаржы нарықтарын дамыту аса маңызды. Соңғы бағалаулар бойынша өңірдегі орнықты қаржыландыру нарығының жалпы көлемі әлдеқашан 2 млрд АҚШ долларынан асты. Әңгімелесу барысында нарықтың негізгі ойыншылары орнықты қаржыландырудың ағымдағы жай-күйін және өңір елдеріндегі соңғы практикалық кейстерді талқылайды, сондай-ақ өңірдегі орнықты жобалардың инвестициялық тартымдылығын арттырудың ықтимал жолдарын ұсынады және ықтимал ынталандыру шараларын қарастырады.

Модератор
Ясин Анвар
Бағдат Әміреев
Наталья Хорошевская
Альбрехт Конрад
Марат Нурмаматов
Асқар Намазбаев
Толығырақ

Баламалы инвестициялар саласындағы инновациялық инвестициялық стратегиялар

05.09.2024
10.30 - 11.30
Инвестиция
London Hall C3.2

Баламалы инвестициялар саласындағы инновациялық инвестициялық стратегиялар

Панельдік сессия барысында баламалы инвестициялардың әлуантүрлі және күрделі әлемінің ең заманауи перспективалары қарастырылатын болады. Бұл сессияға жеке инвестицияларды, хедж-қорларды, жылжымайтын мүлікті, халық тұтынатын тауарларды және т.б. қоса алғанда, баламалы инвестициялар қорларының табысты болуын қамтамасыз ететін ең жаңа стратегияларанықтай түсуге дайын жетекші сала мамандары қатысады. Қорлардың көптеген қолданыстағы және дамушы юрисдикцияларында қаржылық ахуалды жақсартуға арналған мүмкіндіктердің артуымен қорларды басқарушылардың инвесторлардың осы тобына қалай қол жеткізе алатыны және қызығушылықты тудыратын факторлар туралы сұрақтар қалуда. Сарапшылар ең өзекті мәселелерді: (1) баламалы инвестициялар қорына қаражат тартуды; (2) нормативтік-құқықтық ортада бағдарлау мүмкіндігін алу үшін дамып келе жатқан технологияларды пайдалануды; (3) қол жеткізу нүктелері және шектеулі қолжетімділік желілерінен маркетплейстерге дейінгі тарату модельдерін; (4) әртараптандыру стратегияларын пайдалануды талқылайды.

Модератор
Аслан Сұлтанов
Робин Батлер
Маттиас Крузе
Әсет Әбдіғаппаров
Эрдейи Зомбора
Питер Наги
Толығырақ

Арбитраж үшін ең қолайлы орынды қалай таңдауға болады

05.09.2024
12:00 – 13:00
ХТО: Арбитраж саласындағы әйелдер күні
Aiteke Bi Hall С3.1

Арбитраж үшін ең қолайлы орынды қалай таңдауға болады

Сессия барысында спикерлер арбитраж үшін қолайлы орынды таңдаудың стратегиялық аспектілерін талқылайды.

Модератор
Цзюэ Цзюнь Лу
София Жылқайдарова
Патрисия Насимьенто
Гүлнұр Нұркеева
Сайма Ханиф
Джозефин Хиггс
Толығырақ

Стратегиядан орындауға өту: Заманауи қаржыдағы заңдық және операциялық қиындықтарды еңсеру

05.09.2024
12:00-13:00
Инвестиция
London Hall C3.2

Стратегиядан орындауға өту: Заманауи қаржыдағы заңдық және операциялық қиындықтарды еңсеру

Сессия сұхбат форматында өтеді және ағымдағы жағдайды талқылауға және активтерді басқару саласының табыстылығын қамтамасыз ететін және активтерді басқарушыларға бизнестің стратегиялық мақсаттарына назар аударуға мүмкіндік беретін ең маңызды көмекші сервистердің кешенді аналитикасын ұсынуға арналған. Түрлі салалардағы жетекші сарапшылар (заң, комплеанс, тәуекелдерді басқару және қорларды әкімшілендіру) активтерді басқару фирмаларына жоғары деңгейде қолдау көрсету саласындағы соңғы үрдістерді, қиындықтар мен шешімдерді талқылау үшін жиналады. Сессияға қатысушылар өзгеріп жатқан нормативтік-құқықтық ортаны, сәйкестікті қамтамасыз етудің инновациялық стратегияларын, тәуекелдерді басқару әдістерін және қорларды басқару процестерін оңтайландырудағы технологияның рөлін талқылайды.

Модератор
Тимоти Беннетт
Алан Карташкин
Робин Хёкян
Толығырақ

Өтпелі кезеңді қаржыландыру. Тұжырымдаманы тәжірибеде жүзеге асыру

05.09.2024
12:00-13:00
Серпін
Al Farabi Hall C 3.3

Өтпелі кезеңді қаржыландыру. Тұжырымдаманы тәжірибеде жүзеге асыру

Соңғы жылдары дамушы экономикасы бар елдер жаһандық қаржыландыру мен орнықты дамудың ең маңызды қатысушылары ретінде көбірек таныла бастады. Бұл елдер экономикалық, әлеуметтік және экологиялық салаларда қарқынды өзгерістерге ұшыраған сайын, орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуді қолдау үшін қаржыны тиімді жұмылдыру қажеттілігі артуда. Мысалы, Қазақстан қолданыстағы «жасыл» таксономияны кеңейтіп және оған газ отынына көшу жобаларын қосып, осы мәселелерді проблемаларды шешу үшін жұмыс жасады, сондай-ақ орнықты дамумен байланысты корпоративтік облигациялардың (орнықты дамумен байланысты облигациялар немесе ОДБО) бірінші шығарылымын ұсынды. Өнеркәсіпті, қаржы мекемелерін және экономиканы анағұрлым орнықты тәжірибелер мен технологияларға көшуде қолдауға бағытталған өтпелі кезеңді қаржыландыру маңызды аспект болып табылады. Бұл сессияның мақсаты – нақты өзгерістерді ынталандыру үшін өтпелі кезеңді қаржыландырудың стратегиялары мен жоспарларын жүзеге асырудың практикалық аспектілерін және жоспарларын қарастыру.

Модератор
Зүлфия Сүлейменова
Төлеген Омарбеков
Алмасби Камалов
Вугар Намазов
Ботагөз Әбішева
Асқар Хамидуллин
Манас Гиждуаниев
Толығырақ

ETF-тің болашағы. Үрдістерді, тәуекелдерді және мүмкіндіктерді зерттеу

05.09.2024
14:00-15:00
Инвестиция
London Hall C3.2

ETF-тің болашағы. Үрдістерді, тәуекелдерді және мүмкіндіктерді зерттеу

Жетекші сарапшылар тобы тез дамып келе жатқан биржалық қорлардың (ETF) әлемі туралы айтады. Соңғы екі онжылдықта танымал бола отырып, ETF әртараптандырылған активтер сыныптарына, нарықтарға және географиялық өңірлерге әсер етуді ұсынады. Бұл дәстүрлі өзара инвестициялық қорларға қарағанда, ETF-тің жаңа дамып келе жатқан нарықтарға жеделдетілген және кеңейтілген қолжетімділікті қамтамасыз етуде бірегейлігін қамтамасыз етеді. АХҚО мен Қазақстанның ETF өнімдері үшін келесі бағытқа айналуы ықтималдығы қандай және геосаясат тұоғысынан қандай проблемалар бар? Қатысушыларға ETF-тің әртүрлі аспектілеріне – тиісті ортаны қалыптастыратын соңғы үрдістерге (тақырыптық инвестициялаудан ЖИ және блокчейн сияқты инновациялық технологияларға интеграциялануға дейін), ETF-тің әртараптандырылған инвестициялық портфельдер үшін ұсынатын мүмкіндіктеіне, нарықтық тәуекелдер мен нормативтік-құқықтық реттеу проблемаларын қоса алғанда, ілеспе тәуекелдерге терең бойлауға кепілдік бар.

Модератор
Нурхат Кушимов
Максим Кабанов
Роман Горюнов
Серік Қозыбаев
Винсент Денуазо
Толығырақ

Кэролин Лэмммен сұхбат: Халықаралық төрешіліктегі ерекше кәсіби жол

05.09.2024
14:00-15:00
ХТО: Арбитраж саласындағы әйелдер күні
Aiteke Bi Hall С3.1

Кэролин Лэмммен сұхбат: Халықаралық төрешіліктегі ерекше кәсіби жол

Кэролин Лэмм халықаралық арбитраж саласында әлемнің үздік заңгерлерінің бірі ретінде танылған және халықаралық дауларды шешудегі ерекше жетістіктерімен белгілі. Бұл сұхбатта ол жастармен заңгер және төреші ретінде халықаралық арбитраждағы мол тәжірибесімен бөліседі. Көрермендер халықаралық арбитраждың тарихы, дамуы және маңызы, сондай-ақ әйелдердің халықаралық арбитраж саласына және оның болашағына әсері туралы өзінің жеке көз-карасын білдіреді.

Кэролин Лэмм
Толығырақ

Болашаққа ұмтылыста: электромобильдерге көші үшін қолайлы қаржылық ортаны қалыптастыру

05.09.2024
14:00-15:00
Серпін
Al Farabi Hall C 3.3

Болашаққа ұмтылыста: электромобильдерге көші үшін қолайлы қаржылық ортаны қалыптастыру

Электрмобильдер энергияны тұтынуға байланысты әлемдік шығарындылардың 15%-дан астамы келетін сектор – автомобиль көлігін декарбонизациялаудың негізгі технологиясы болып табылады. Электрмобильдер жаһандық үстемдікке ие болуда және ішкі жану қозғалтқыштары бойынша бәсекелестерін басып озуға барлық мүмкіндіктері бар. Электрмобильдердің сатылымының көлемі жыл сайын он есе артып келеді және қазіргі уақытта жолаушылар көлігінің әлемдік нарығындағы жалғыз өсу саласы болып табылады.

Дискуссия барысында электромобильдер нарығының болашақ үрдістері, нарық қатысушылары тұрғысынан проблемалар мен қажетті ынталандырулар, сондай-ақ электромобильдерге кеңінен қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін қажет қолданыстағы және әлеуетті қаржыландыру тетіктері қарастырылады.

Модератор
Абдаллах-Санжар Аскаров
Елдос Абаканов
Ақылбек Анарбаев
Джавид Исаев
Диас Қадыров
Мейрамбек Әбілқасов
Толығырақ

Шығармашылық индустриялардағы және одан тыс жерлердегі таланттарға инвестициялар

05.09.2024
15:30-16:30
Инновация
Al Farabi Hall C 3.3

Шығармашылық индустриялардағы және одан тыс жерлердегі таланттарға инвестициялар

Бұл панельдік сессия шығармашылық индустриялар мен басқа секторлардағы таланттарға инвестиция салудың маңыздылығын қарастырады. Біз таланттарды анықтау мен дамытудың қазіргі тенденциялары мен стратегияларын, шығармашылық мамандардың алдында тұрған қиындықтарды және таланттарды дамытудың инновациялық тәсілдерін талқылаймыз.

Модератор
Ернұр Рысмағамбетов
Мария Мун
Игорь Цай
Улыкбек Шарипов
Ғабит Бекахметов
Толығырақ

Тренинг: Төрешіден бас тарту

05.09.2024
15:30-16:30
ХТО: Арбитраж саласындағы әйелдер күні
Aiteke Bi Hall С3.1

Тренинг: Төрешіден бас тарту

Бұл тренинг халықаралық коммерциялық арбитраждағы төрешілерге қатысты турашылдығы пен/немесе тәуелсіздік жетіспеушілігі мәселесіне көңіл бөледі. Сессия барысында турашылдық және тәуелсіздік ұғымдары түсіндіріліп, төрешіден бас тарту рәсімделу тәртібі түсіндіріледі, сондай-ақ Халықаралық арбитраждағы мүдделер қақтығысы бойынша Халықаралық адвокаттар алқасы нұсқауларының маңыздылығы қарастырылады. Сессия соңында қатысушылар төрешілерге қатысты бас тарту жасаудың артықшылықтары мен кемшіліктерін, мұндай бас тартудың халықаралық арбитраж процестерінде қалай және қашан жасалатынын, сондай-ақ бас тарту жасағанда немесе оған жауап бергенде ескеру қажет практикалық мәселелерді түсінетін болады.

Цзюэ Цзюнь Лу
Толығырақ

Шекарадан шығу – қорларды бөлу желісін кеңейту

05.09.2024
15:30-16:30
Инвестиция
London Hall C3.2

Шекарадан шығу – қорларды бөлу желісін кеңейту

Панельдік сессия барысында қорларды жаһандық деңгейде, сондай-ақ АХҚО ішінде немесе сол арқылы бөлудің күрделілігі мен мүмкіндіктері қарастырылады. Талқылау барысында АХҚО арқылы жергілікті, өңірлік және жаһандық бөлу перспективалары, қолданыстағы бөлу тетіктері және қорлардың өнімдері мен типтері бойынша жаңа мүмкіндіктер сияқты әртүрлі аспектілерді қозғалады. Сессияда клиринг пен есеп айырысу, сенімгерлік сақтау мен беру жөніндегі агенттер, сервистер экожүйесінің қолжетімділігі және бөлу контекстіндегі сақтау мәселелері талқыланады.

Модератор
Уәлихан Ғұсманов
Замира Сүндетова
Ақбер Хан
Николай Шестак
Оливье Гарин
Винсент Клозе
Толығырақ

Адами капиталды дамытудағы ЖИ салдары, тәуекелдері мен мүмкіндіктері

05.09.2024
17:00-18:00
Серпін
London Hall C3.2

Адами капиталды дамытудағы ЖИ салдары, тәуекелдері мен мүмкіндіктері

«Адами капиталды дамытудағы ЖИ салдары, тәуекелдері мен мүмкіндіктері» тақырыбындағы пікірталасқа өндіріс және IT секторларының өкілдерімен қатар, мемлекеттік, банк және коммуникациялық компаниялардың өкілдері де қатысады. Мұндай салалардың кең спектрі ЖИ-дің адам өмірі мен дамуының әртүрлі аспектілеріне қалай әсер ететіні туралы жан-жақты талқылауға мүмкіндік береді. Қатысушылар ЖИ-ді этикалық пайдалануды қамтамасыз ету, жұмыс орындарын қорғау және ЖИ пайдасын әділ бөлу үшін нормативтік-құқықтық базаны құру қажеттілігін талқылайды. Сондай-ақ, олар ЖИ-ді әзірлеу және пайдалану стандарттарын белгілеудегі халықаралық ынтымақтастықтың рөлін де талқылайды.

Модератор
Талғат Аманбаев
Жаслан Мәдиев
Анар Толеубаева
Гүлмира Раисова
Мират Ахметсадықов
Дәурен Момынқұлов
Мадина Өмірзақова
Толығырақ

Болашақ токенизациясы: қор құрылымдарының эволюциясы

05.09.2024
17:00-18:00
Инновация
Aiteke Bi Hall, C3.1

Болашақ токенизациясы: қор құрылымдарының эволюциясы

SkyBridge JSC-тің АХҚО-дағы филиалы SBI Lazard Select Fund Plc деп аталатын жауапкершілігі шектеулі қорды құруға және басқаруға ниетті, бұл АХҚО-да тіркелген ұйымдар мен Lazard сияқты әлемдік көшбасшы арасындағы алғашқы ынтымақтастықты білдіреді. Қордағы қатысу үлестері листингке енгізілуі және AIX және/немесе Bitfinex Securities биржасында сауда-саттыққа жіберілуі мүмкін. Бұл панельдік сессияда біз аталған серіктестіктің қалай пайда болғанын егжей-тегжейлі қарастырамыз.

Замира Сүндетова
Маттиас Крузе
Акшу Кэмпбелл-Холт
Еркеғали Еденбаев
Толығырақ

АХҚО – креативті бизнес үшін межелік нүкте

05.09.2024
17:00-18:00
Инновация
Al Farabi Hall C3.3

АХҚО – креативті бизнес үшін межелік нүкте

Панельдік сессия болашақ АХҚО-ның зияткерлік меншік туралы регламенті мен АХҚО венчурлық студиясының қағидалары туралы хабардарлықты арттыруға және ілгерілетуге арналады. Панельдік сессия креативтік индустриядағы компанияларды зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және инвестициялар тарту үшін юрисдикция ретінде АХҚО-ны пайдалануға мотивация беруге бағытталады.
Сессияның негізгі қорытындысы – зияткерлік меншік құқықтарын қорғауға және креативтік жобаларға инвестициялар тартуға қатысты бар мәселелер бойынша пікір алмасу. ҚР мен АХҚО-дағы реттеуді салыстырмалы талдау.

Модератор
Дәрмен Садуақасов
Евгений Кочетов
Долли Рамая
Наталия Шаповалова
Данияр Келбетов
Эрнар Құрмашев
Толығырақ

Инвестициялық әлеуетті ашу. Қазақстандағы және өңірдегі қаржы мекемелерінің рөлі

06.09.2024
10:00-11:00
Инвестиция
AIX Trading Hall C3.4

Инвестициялық әлеуетті ашу. Қазақстандағы және өңірдегі қаржы мекемелерінің рөлі

Жаһандық қаржының үнемі өзгеріп отыратын ақиқатында Қазақстан бетбұрыс кезеңінде тұр және елеулі инвестициялар тартуға дайын. Astana Finance Days форумының шеңберіндегі бұл панельдік сессия осы әлеуетті ашудағы және тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл өңірдегі орнықты экономикалық өсуге ықпал етудегі қаржы мекемелерінің маңызды рөліне арналған.

Модератор
Марсия Элизабет Кристиан Фавале
Ренат Бектұров
Тимур Сүлейменов
Джордж Грюнбаум
Нұрлан Жақыпов
Карим эль Сол
Толығырақ

Жасанды интеллект дәуіріндегі құпиялылық: өзгеріс үстіндегі бизнес-міндеттер және сәттіліктің бейімделген стратегиялары

06.09.2024
10:00-11:00
AIFC Community
Aiteke Bi Hall, C3.1

Жасанды интеллект дәуіріндегі құпиялылық: өзгеріс үстіндегі бизнес-міндеттер және сәттіліктің бейімделген стратегиялары

Панельдік сессия деректерді қорғауды және бизнесте жасанды интеллектті пайдалануды талдауға арналған. Біз өзекті тенденцияларды, мәселелерді және инновациялық шешімдерді, соның ішінде заңнамадағы соңғы өзгерістерді, деректерді тиімді қорғау және AI қолдану үшін озық тәжірибелер мен технологиялық жетістіктерді талқылаймыз. Қазақстанда пайдаланудың этикалық аспектілеріне және қауіпсіз реттеуші ортаны құруға, сондай-ақ Еуропалық ai Act талдауына және бизнесте АИ пайдалану кезінде тәуекелдерді басқару әдістеріне ерекше назар аударылатын болады.

Модератор
Руслан Даирбеков
Бейбіт Досмурзинов
Тимур Мусин
Дана Өтеген
Дмитрий Шапошников, CISSP
Арман Асакаев
Толығырақ

«Белдеу және жол» бастамасы: Эволюция және одан арғы жол

06.09.2024
10:00-11:00
Серпін
Al Farabi Hall C 3.3

«Белдеу және жол» бастамасы: Эволюция және одан арғы жол

«Астана» халықаралық қаржы орталығы – «Белдеу және жол» бастамасының қаржылық инфрақұрылымының маңызды бөлігі. Ежелгі Жібек жолын жаңғыртуға бағытталған бастама Орталық Азияның дамуында үлкен рөл атқарады. Сессия «Белдеу және жол» бастамасының Қазақстанның прогресі, сын-тегеуріндері мен келешегіне салған инвестицияларының онжылдығын талқылауға арналады.

Модератор
Темірлан Мұханбетжанов
Лю Хао
Лоуренс Цанг
Барри Чан
Дамир Қожахметов
Толығырақ

Стейблкоиндар – орнықты қаржыға апаратын жол

06.09.2024
10:00-11:00
Инновация
Astana Hall C3.4

Стейблкоиндар – орнықты қаржыға апаратын жол

Стабилкоиндар криптовалюта экожүйесінде маңызды рөл атқарып, криптовалюта нарықтарының құбылмалылығы мен дәстүрлі фиат валюталарының тұрақтылығы арасындағы көпірді қамтамасыз етеді. Олар қарапайым пайдаланушылар үшін де, бизнес үшін де маңызды болып табылатын анағұрлым болжамды транзакциялар жүргізуге мүмкіндік береді, сондай-ақ криптовалюта кеңістігінен шықпай, сауда мен хеджирлеуді жеңілдетеді. Сонымен қатар, тұрақты цифрлық платформада кредиттеу, несие беру және пайыздық сыйақы алу үшін мүмкіндіктер ұсынып, белсенді қалыптасып жатқан орталықтандырылмаған қаржы (DeFi) секторының негізі болып табылады. Болашақта олар дәстүрлі банк жүйелерін айналып өтіп, құнын төмендетіп және қабылдауды жеделдетіп, ақша аударымдары саласында төңкеріс жасайды. Маңыздысы, төмен құбылмалылығы арқасында, стабилкоиндар банктік шоты жоқ халық үшін қаржылық қызметтерге қолжетімділікті кеңейтуге ықпал етуі және криптовалюталарды кеңірек енгізуге арналған өткел бола алады. Оларды трансшекаралық мәмілелерде пайдаланудың тиімділігі мен үнемділігі олардың жаһандық экономикадағы маңыздылығын одан әрі ерекшелеп көрсетеді.

Модератор
Яннос Ашиотис
Паоло Ардуино
Марко Даль Лаго
Толығырақ

Басты назарда АХҚО: мүмкіндіктер орталығы

06.09.2024
11:30-12:30
AIFC Community
Aiteke Bi Hall C3.1

Басты назарда АХҚО: мүмкіндіктер орталығы

Сессияға қосылыңыз, онда біз АХҚО қатысушыларының әлеміне енетін боламыз. Олар кімдер? Неліктен олар өз бизнесі үшін АХҚО-ны таңдайды? Бұл юрисдикцияның ішінде не болып жатыр? Осы қызықты сұрақтарға жауаптарды бірге табайық!

Модератор
Әліби Сансызбай
Андрей Петелин
Алексей Панюшкин
Мағзұм Төлеш
Толығырақ

Криптовалюталардың болашағы туралы әңгіме

06.09.2024
11:30-12:30
Инновация
London Hall C3.2

Криптовалюталардың болашағы туралы әңгіме

Сарапшылардың бағалауы бойынша, 2030 жылға қарай әлемдік криптовалюта нарығы үш еседен астам өседі. Мұның бәрі бір үлкен тенденцияға әкеледі. Бір кездері мекемеге қарсы инвесторлардың салыстырмалы түрде тар қауымдастығында ғана белгілі болған криптовалюта қазір үй атауына айналуда. Бұл сұхбат криптовалюталардың болашағына және кейбір елдердің DeFi-ге қалай ауысатынына, қандай мүмкіндіктер мен проблемаларды ашатынына назар аударады.​

Модератор
Нурхат Кушимов
Хуан Карлос Рейес
Толығырақ

Көміртегі бейтараптығы жолында. Қазақстанда орнықты инвестициялау үшін ерікті көміртегі нарығын құру

06.09.2024
11:30-12:30
Серпін
Al Farabi Hall C 3.3

Көміртегі бейтараптығы жолында. Қазақстанда орнықты инвестициялау үшін ерікті көміртегі нарығын құру

2013 жылдан бастап Қазақстан шығарындыларға квоталарды саудалау жүйесі арқылы төмен көміртекті дамуға көшу кезеңінде. Дегенмен, әлемдік үрдістерге сәйкес нарық қатысушылары ерікті көміртегі нарықтарына басымдық бере бастады. Қазақстан Орталық Азиядағы көміртегі шығарындыларына бағаны белгілеу тетіктері дамып жатқан жалғыз мемлекет болғандықтан, ол Орталық Азиядағы ерікті көміртегі нарықтары үшін де сауда орталығына айналуы мүмкін. Сессия барысында көміртегі шығарындыларына бағасны белгілеу тетіктерінің оң және теріс жақтары, сондай-ақ реттелетін және ерікті көміртегі нарықтарындағы реттеу мәселелері талқыланады.

Модератор
Әсел Нұрахметова
Виктор Коваленко
Роксана Тан
Кирилл Иванов
Қабжанов Рүстем Хайруллаұлы
Толығырақ

Қаржы саласындағы ойын ережелерін өзгертетін IT-шешімдер

06.09.2024
11:30-12:30
Инвестиция
Astana Hall C3.4

Қаржы саласындағы ойын ережелерін өзгертетін IT-шешімдер

Панельдік дискуссия түрлі қаржы мекемелері арасындағы ақпараттық технологиялардың интеграциясы мен мұндай интеграцияның өзара пайдалылығына арналады. Спикерлер жаңа технологиялар мен цифрландырудың инвестициялық ландшафтқа трансформациялық әсері туралы егжей-тегжейлі айтып, олардың бизнес-операциялар мен сауда ағындарына әсерін талдайды.

Модератор
Талғат Аманбаев
Фейсал Белязид
Ренат Туканов
Нұрлан Мейрманов
Левон Клекчян
Толығырақ

Акциялар нарығының әлеуетін ашу

06.09.2024
11:30-12:30
Инвестиция
AIX Trading Hall C3.4

Акциялар нарығының әлеуетін ашу

Өңірдегі жетекші компаниялардың бірінші басшылары саяси тұрақсыздық пен бұрын-соңды болмаған құбылмалылық белең алған кезеңде бизнесті дамыту перспективалары туралы әңгімелейді.

Сессия модераторы, Astana International Exchange Басқарма Төрайымы Әсел Мұқажанова мен жергілікті жария компаниялардың бизнес-көшбасшылары ағымдағы нарықтық жағдайларға қалай төтеп беретіндері туралы айтып, өзгеріп жатқан экономикалық ландшафт жағдайындағы өсу стратегияларын талқылайды.

Модератор
Әсел Мұқажанова
Максим Назимок
Сергей Никитенко
Мұрат Көшенов
Салтанат Сатжан
Ибрагим Жанлыел
Толығырақ

Болашақ келіп жетті – қаржы саласындағы жаңа буын технологиялары

06.09.2024
14:00-15:00
Инновация
London Hall C3.2

Болашақ келіп жетті – қаржы саласындағы жаңа буын технологиялары

Бұл сессияда жаңа технологиялар (блокчейн, жасанды интеллект және кванттық есептеулер), сондай-ақ олардың қаржы секторына әсері қарастырылады. Сала сарапшылары мен новаторлар бұл технологиялардың қаржы секторын қалай өзгертетінін талқылайды. Интерактивті сауалнама аудиторияға өз пікірлерін білдіруге мүмкіндік береді, бұл сессияны серпінді және тартымды етеді.

Модератор
Талғат Аманбаев
Шыңғыс Қанапьянов
Санжар Жамалов
Азизджон Азими
Сергей Нездемковский​
Рустам Шаназаров
Толығырақ

AIFC Community. Заңгерлермен әңгімелесу: АХҚО-ға қосылудың 3 мысалы

06.09.2024
14:00-15:00
AIFC Community
Aiteke Bi Hall C3.1

AIFC Community. Заңгерлермен әңгімелесу: АХҚО-ға қосылудың 3 мысалы

Жетекші заң фирмалары дайындаған біздің қызықты сессиямызға қосылыңыз, мұнда біз АХҚО қатысушыларының нақты әлеміне енетін боламыз. Сессия АХҚО юрисдикциясын корпоративтік басқаруға іс жүзінде енгізуге арналады. Сессияда АХҚО актілерін қолданыстағы корпоративтік құрылымдарға интеграциялау, АХҚО стандарттарын қабылдаудың артықшылықтары сияқты негізгі аспектілер, сондай-ақ юрисдикцияны табысты қолдануды айшықтайтын нақты кейстер қарастырылатын болады. Бұл сессия жаңа білім алу немесе бар білімді жаңарту үшін кәсіби консультанттар мен заңгерлерге бағдарланған болса да, барлық мүдделі тұлғалар қатысуға шақырылады. Осы қызықты тақырыптарды бірге зерттеу үшін бізге қосылыңыз!

Модератор
Арман Тастанбеков
Лия Ақжанова
Олжас Данияров
Қуаныш Шекербеков
Толығырақ

Капитал нарығына сараптама: даму жолдарын іздеу

06.09.2024
14:00-15:00
Инвестиция
AIX Trading Hall C3.4

Капитал нарығына сараптама: даму жолдарын іздеу

Жаһандық қаржы дағдарысы компанияларға қаржыландыру көздерін әртараптандыруға және өздерінің өсу мен кеңею стратегияларын іске асыру үшін қор нарықтарын пайдалануға мүмкіндік беретін шараларды іздеу қажеттілігін айқын көрсетті. Қазақстан үкіметінің қолдауымен соңғы жылдары, әсіресе ірі ұлттық кәсіпорындар саласында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді. Алайда, ақша-несие және фискалдық саясаттағы соңғы үрдістерге байланысты, егер біз жалпы экономиканың дәйекті және теңгерімді өсуіне ықпал еткіміз келсе, кері әсер алуымыз мүмкін. Біз Қазақстандағы қаржының болашағы не күтіп тұрғанын және бұл болашақты қайтадан жарқын ету үшін қандай шаралар қабылдау керектігін талқылағымыз келеді.

Модератор
Ренат Бектұров
Елена Бахмутова
Әсел Мұқажанова
Тимур Турлов
Сәуле Жақаева
Толығырақ

Өсу мүмкіндіктерін кеңейту: Қазақстандағы исламдық бөлшек қаржыландырудың әлеуетін ашу

06.09.2024
14:00-15:00
Серпін
Al Farabi Hall C 3.3

Өсу мүмкіндіктерін кеңейту: Қазақстандағы исламдық бөлшек қаржыландырудың әлеуетін ашу

Ислам қаржысына сұраныс артып келе жатқандықтан, бұл сессия АХҚО-да жұмыс істейтін ислам қаржысы институттары үшін қолжетімді көптеген мүмкіндіктерді ашады. Спикерлер ислам қаржысы компаниялары мен сукук эмитенттеріне АХҚО-дағы бөлшек секторда ұсынылатын перспективаларды қарастырады. Сессия Қазақстандағы және АХҚО-дағы исламдық бөлшек қаржыландырудың ағымдағы статусы қарастырылады.

Модератор
Майя Марисса Малек
Доктор Мухаммад Амин Али Каттан
Ақбер Хан
Арман Батаев
Мирлан Таймурзаев
Фахим Ахмад
Толығырақ

Нақты активтердің токенизациясы

06.09.2024
14:00-15:00
Инновация
Astana Hall C3.4

Нақты активтердің токенизациясы

Нақты активтердің токенизациясы физикалық және цифрлық активтерге меншік құқығын блокчейн негізіндегі цифрлық токендерге түрлендіруді білдіреді. Бұл инновациялық процесс инвестицияларға қолжетімділікті анағұрлым демократияшыл етіп, бұрын тек ауқатты немесе институционалдық инвесторлар үшін ғана арналған активтер нарықтарына көбірек қатысуды қамтамамсыз етеді. Ол дәстүрлі өтімді емес активтер (мысалы, жылжымайтын мүлік немесе өнер туындылары) нарықтарындағы өтімділікті арттырып, бөлшек иеленуге мүмкіндік береді және айырбасты жеңілдетеді. Токенизация сондай-ақ ашықтық пен қауіпсіздікті арттырады, өйткені блокчейн технологиясы меншік құқығы мен транзакциялар туралы өзгермейтін жазбалар жасайды. Сонымен қатар, транзакция жасау процесін жеңілдетіп, делдалдардың қажеттілігін азайтады және транзакциялардың құнын әлеуетті төмендетеді, уақытын қысқартады. Сайып келгенде, токенизация инвестициялау, активтерді иелену және саудалау тәсілдерін өзгерте алады, бұл оны қаржы секторындағы ең маңызды әзірлемее етеді.

Модератор
Бинұр Жәленов
Раджат Сакуджа
Арнаб Наскар
Хуан Карлос Рейес
Афина Миао
Толығырақ

Қаржының болашағы. Фиаттық шлюздер, есептеулер мен сенімгерлік сақтау

06.09.2024
15:30-16:30
Инновация
Astana Hall C3.4

Қаржының болашағы. Фиаттық шлюздер, есептеулер мен сенімгерлік сақтау

Орталық банктердің цифрлық валюталарын (CBDC) және төлем сервистерін пайдалана отырып, криптовалютамен есеп айырысу транзакциялардың жылдамдығын, қауіпсіздігін және экономикалық орындылығын қамтамасыз етіп, криптовалюталарды фиатқа конвертациялауды жеңілдетеді. Мұндай интеграция криптовалюталардың кеңінен таралуына және орталық банктер қолдайтын цифрлық валюталарды пайдалану есебінен оларды реттеушілер тануына ықпал ете отырып, дәстүрлі және цифрлық қаржы арасындағы байланысты қамтамасыз етеді.

Цифрлық активтерді сенімгерлік сақтау мен оларды пайдаланып есеп айырысу саласындағы инновациялар транзакциялардың жылдамдығы мен қауіпсіздігін айтарлықтай арттырып, айырбастауды жеңілдетеді және цифрлық қаржы экожүйесіне сенімді нығайтады. Озық технологияларды пайдаланудың арқасында, бұл әзірлемелер цифрлық активтерді басқаруға және есеп айырысуға арналған инфрақұрылымның жоғары сенімділігін қамтамасыз етеді, бұл негізгі қаржы жүйесіне кеңірек қабылдануға және интеграциялануға жол ашады.

Модератор
Наталья Роменская
Миклош Луспэй
Крис Павлу
Измир Исмаилов
Вишал Сачиндран
Абылайхан Әубәкір
Толығырақ

AIFC Community. Ашық диалог

06.09.2024
15:30-16:30
AIFC Community
Aiteke Bi Hall С3.1

AIFC Community. Ашық диалог

АХҚО басшылығымен сұрақ-жауап сессиясы, мұнда АХҚО қатысушыларымен тікелей өзара іс-қимыл жасалады және нақты уақыт режимінде сұрақтарға жауап беріледі. Бұл АХҚО басшылығымен байланыс орнатып, ашық сөйлесудің бірегей мүмкіндігі.

Модератор
Жанна Диярова
Ренат Бектұров
Нурхат Кушимов
Толығырақ

Өсу мүмкіндіктерін кеңейту: Қазақстандағы исламдық бөлшек қаржыландырудың әлеуетін ашу

06.09.2024
15:30-16:30
Серпін
Al Farabi Hall C 3.3

Өсу мүмкіндіктерін кеңейту: Қазақстандағы исламдық бөлшек қаржыландырудың әлеуетін ашу

Ислам қаржысына сұраныс артып келе жатқандықтан, бұл сессия АХҚО-да жұмыс істейтін ислам қаржысы институттары үшін қолжетімді көптеген мүмкіндіктерді ашады. Спикерлер ислам қаржысы компаниялары мен сукук эмитенттеріне АХҚО-дағы бөлшек секторда ұсынылатын перспективаларды қарастырады.

Сессия Қазақстандағы және АХҚО-дағы исламдық бөлшек қаржыландырудың ағымдағы статусы қарастырылады.

Модератор
Мадина Тукулова
Азат Өтепбай
Тимур Мұхтаров
Рустам Рахматов
Данияр Келбетов
Толығырақ

Қазақстандық нарықта венчурлік капиталдың үздік тәжірибелерін қолдану (бірлескен ұйымдастырушы QazTech)

06.09.2024
15:30-16:30
Инновация
London Hall C3.2

Қазақстандық нарықта венчурлік капиталдың үздік тәжірибелерін қолдану (бірлескен ұйымдастырушы QazTech)

Бұл сессияда Қазақстан өзінің стартап-экожүйесін жақсарту үшін венчурлық капиталдың үздік әлемдік тәжірибесін қалай пайдалана алатыны қарастырылады. Сарапшылар осы тәжірибелерді Қазақстанның бірегей нарығына қалай бейімдеу керектігін атап өтіп, реттеудің табысты стратегияларын, инвестициялық модельдері мен тәсілдерін талқылайды. Мақсат-аймақтағы инновациялар мен экономикалық өсуді ынталандыру үшін тиімді идеяларды бөліп көрсету.

Модератор
Аслан Сұлтанов
Джованни Гавино Эвердуин
Талғат Аманбаев
Адиль Нұрғожин
Ариф Бабаев
Сабит Суханов
Толығырақ

Жаңа инвесторлар: борыш нарығы екпін алуда

06.09.2024
15:30-16:30
Инвестиция
AIX Trading Hall C3.4

Жаңа инвесторлар: борыш нарығы екпін алуда

Бұл панельдегі спикерлер борыштық құралдардың өсуіне ықпал ететін негізгі факторлар туралы әңгімелейді, сондай-ақ қор нарығында бизнесіңізді жайғастырудың және нарықтағы қатаң бәсекелестік жағдайында инвесторлар базасын кеңейтудің тиімді стратегияларын ашады.

Талқылаудың мақсаты – борыш нарығының стратегиясы мен құрылымына, жаңа үрдістерге кешенді шолу жасау, өзекті мәселелерді және инновациялық биржалық өнімдерді қарастыру.

Инвесторлар базасын әртараптандыру – табыстың кілті, сондықтан сессия барысында шекаралық нарықтарда жергілікті борыш нарығына маманданған инвестқорларды тарту тақырыбы қозғалады. Сонымен қатар, орнықты қаржыландыруды дамыту және борыштық құралдар институционалдық инвесторларға кірісті қамтамасыз етіп, осылайша дамып келе жатқан және шекаралас экономикасы бар елдерге капитал ағынын ұлғайта отырып, нарықты кеңейту катализаторы ретінде қалай қызмет ететіндігі мәселелері талқыланады.

Сессияға қатысушылар өздерінің инвестициялық стратегияларын мақсатты түрде қалыптастыруға мүмкіндік беретін бастапқы дереккөзден құнды ақпаратты ала алады.

Модератор
Ернар Жанәділ
Марат Елібаев
Нұрлан Сауранбаев
Мусалав Әлібеков
Сергей Лукьянов
Асхат Омаров
Толығырақ

Қаржылық сауаттылық бойынша Open-Air дәріс

06.09.2024
16:00-17:30
Инвестиция
С4.3, Hall D

Қаржылық сауаттылық бойынша Open-Air дәріс

Open-Air дәріс – бөлшек инвесторларға және қор нарығында инвестициялауды енді ғана жоспарлап жүргендерге өз бюджетін қалай басқаруға, инвестициялық портфельді қалыптастыруға және стратегияны таңдауға арналған дәрістер топтамасы. Дәріс тыңдаушылары Tabys командасына, брокерлерге, қаржы коучтарына және кәсіби нарық қатысушыларына өз сұрақтарын қоюға мүмкіндік алады.

Дәрістер ашық ауада, арнайы жабдықталған шатырда, С4.2 блогына қарама-қарсы жерде өтеді.

Келу тегін, тіркеусіз.

Модератор
Асем Кумар
Самал Мұрат
Арман Батаев
Еркебұлан Әріпбай
Қуаныш Дайырбеков
Әсел Әулбекова
Толығырақ