Ғабит Бекахметов
CEO of Maruf Education (Cambridge, UK) and Paradigm Shift (Astana, KZ).
Ғабит Бекахметов Maruf Education Trust акселераторының және Paradigm Shift консалтингтік компаниясының негізін қалаушы. Ғабит – Ұлыбританияның Корольдік өнер қоғамының мүшесі және білім беру мен Edtech саласында 15 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар. Duke University-де экономика және саясаттану бойынша бакалавр дәрежесін және Oxford University-де MBA дәрежесін алды. Ол өз қызметінде халықаралық корпорацияларға, инвестициялық қорларға және мемлекеттік мекемелерге білім беру мәселелері жөнінде консультациялар береді. Оның клиенттері арасында Сауд Арабиясының Тақ мұрагерінің білім беру қоры, Яндекс, НЗМ және Шеврон сияқты ұйымдар бар. Ғабит Астана РФММ, Quantum STEM және Fizmat Primary сияқты мектептердің ашылуына тікелей қатысты. Ғабит Бекахметов сонымен қатар «Білім кемелері: НЗМ, БИЛ, РФММ”, «Barsa Kelmes: The Nomads Return» және «Сыни ойлау негіздері» сияқты бірнеше кітаптардың авторы.