Жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру

Astana Finance Days 2024-ке қош келдіңіз!
Деректерді өңдеу, маркетингтік коммуникациялар және іс-шараға арналған қолданбаны пайдалану туралы шарттарымызды қарап шығып, қабылдауыңызды өтінеміз.

1. Дербес деректерді өңдеуге келісім
Astana Finance Days 2024-ке тіркеле отырып, сіз “Астана” халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі” АҚ-ның 2017 жылғы деректерді қорғау туралы АХҚО актісіне және 2018 жылғы деректерді қорғау туралы АХҚО қағидаларына сәйкес Сіздің дербес деректеріңізді жинауға, пайдалануға және өңдеуге келісімін бересіз.
Сіздің деректеріңіз құпия болып табылады және тек іс-шараға тіркелуді басқару үшін пайдаланылады.
Деректерді жинау мақсаты
– Конференцияға тіркеуді басқару
– Конференция материалдары мен жаңартуларын ұсыну
– Желілік мүмкіндіктерді құруға жәрдемдесу
– Заңды міндеттемелерді сақтау.

Жиналған деректер
– Толық аты – жөні
– Электрондық пошта мекенжайы
– Телефон нөмірі
– Компанияның/ұйымның атауы

Деректерді пайдалану
Сіздің деректеріңіз жоғарыда аталған мақсаттар үшін пайдаланылатын болады және бізге көмек көрсететін қызметтерді жеткізушілерге, сондай-ақ қауіпсіздік мақсатында Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына берілуі мүмкін.

Деректерді сақтау
Сіздің деректеріңіз көрсетілген мақсаттарды орындау үшін қажет болған жағдайда немесе келісімді қайтарып алғанға дейін сақталады.

Сіздің құқықтарыңыз
– Сіздің деректеріңізге қол жеткізу
– Дәл емес деректерді түзету туралы сұрау
– Деректерді өңдеуге тыйым салу немесе шектеу
– Кез келген уақытта келісімді қайтарып алу