
Жаслан Мәдиев
Binance Kazakhstan Бас менеджері
Жаслан Мәдиевтің мемлекеттік және коммерциялық құрылымдарда тәжірибесі бар. Binance компаниясына келгенге дейін ол Қазақстанның Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі қызметін атқарды, ҚР Ұлттық Банкінде, «Қазақстан Даму Банкі» АҚ-да, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-да, Morgan Stanley инвестициялық банкінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеді, ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ экономика және қаржы жөніндегі вице-президенті, Ұлттық экономика вице-министрі, сондай-ақ Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары болып істеді. Binance-те Жаслан биржаны дамытуға және Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдарымен және қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылды дамытуға жауапты болады.