
Владимир Фесенко
Серіктес, Жеке клиенттермен жұмыс жөніндегі топ, «Эрнст энд Янг Казахстан» ЖШС
►Жеке клиенттерге арналған кеңес беру қызметі тобының басшысы.
► Қазақстанда, Ресей Федерациясында және АҚШ-та жеке тұлғалардың табыс салығы саласындағы EY-да, сондай ақ осындай табысқа халықаралық салық салу саласында 19 жылдан астам жұмыс жасаған.
► Владимир Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін Менеджмент саласында үздік тәмамдаған.
► Владимир салық салу мәселелері бойынша жұмыс топтарында белсенді түрде қатысады, сонымен қатар түрлі конференциялар мен семинарларда жүйелі түрде баяндама жасайды.
► Владимирдің әртүрлі юрисдикциялардағы табыс салығы саласында жеке клиенттерге кеңес беру қызметін көрсетуде үлкен тәжірибесі бар және халықаралық салықпен байланысты күрделі мәселелерді шешумен және
халықаралық жеке холдинг тетіктерін (компаниялар, трасттар, қорлар) жоспарлау мен құрылымдаумен, активтерді иеленуді құрылымдаумен айналысады.
► Владимир отбасы меншігін құрылымдау және отбасы конституциясын әзірлеу жобаларын (отбасылық корпоративтік басқару) қоса алғанда, мұрагерлік/сыйға тарту мәселелері бойынша жобаларға тартылады.
► Владимир сонымен қатар көші-қон заңы мен жоспарлауға қатысты мәселелерге маманданады, оның ішінде шетелдік төлқұжат немесе тұруға ықтиярхат алу бойынша кеңестер мен көмек көрсетеді.
► Владимирдің инвестициялық қызметті, жеке мүлікті сатып алу/сату/жалға алуды жүзеге асыру кезіндегі жеке тұлғаларға салық салу мәселелері бойынша жобаларды басқару тәжірибесі бар.
► Владимирдің Мәскеу мен Нью-Йорктегі EY кеңселерінде жұмыс тәжірибесі бар.
► Владимир АҚШ-Certified Public Accountant (CPA) сертификатталған бухгалтері болып табылады.