width=
Инвестиция

Тимоти Беннетт

Директор және Директорлар кеңесінің төрағасы, AIX

Беннет мырза 2018 жылы AIX биржасын құруға ат салысып, 2021 жылға дейін биржаның басқарма төрағасы болған.

AIX басқарма төрағасы лауазымына тағайындалғанға дейін Беннетт мырза Жаңа Зеландия бағалы қағаздар нарығы мен деривативтер нарығының лицензияланған операторы – Жаңа Зеландия қор биржасының (NZX) басқарма төрағасы болды. Ол биржаның сауда және клирингтік жүйелерін ауыстыру мен жаңғыртуды, сондай-ақ Жаңа Зеландия қор биржасының Басқарушы қоры арқылы 23 биржалық инвестициялық қорды (ETF) шығаруды қоса алғанда, елеулі ұйымдық және нормативтік өзгерістер кезеңінде NZX-ті басқарды.

NZX-ке келгенге дейін Беннет мырза Азиядағы Oliver Wyman және Boston Consulting Group компанияларында серіктес болды.

Пенсильвания Университетінің Уортон мектебінің МВА дәрежесі және Веллингтондағы Виктория Королева университетінің сауда және әкімшілік саласындағы бакалавр дәрежесі бар.

Спикердің сессиялары