София Жылқайдарова
Signum заң фирмасының басқарушы серіктесі (Қазақстан)
София Жылқайдарова 20 жылдан астам уақыт көптеген халықаралық мұнай-газ және тау-кен өндіру компанияларында жер қойнауын пайдаланудың түрлі мәселелері, соның ішінде басқаға беру арқылы, жұтылу жолымен немесе өзге түрдегі стратегиялық сатып алулар бойынша консультация жүргізіп келеді. Ол жер қойнауын пайдаланумен, қосылумен және жұтылумен, коммерциялық және салық мәселелерімен байланысты түрлі нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге қатысты. Клиенттер оны тек теориялық заңгер ретінде ғана емес, сонымен қатар коммерциялық және бизнес-кеңес беру мәселелерінде және мемлекеттік органдармен қарым-қатынаста мол тәжірибесі бар заңгер ретінде жоғары бағалайды. Корпоративтік құрылымдау мәселелері, оның ішінде бизнесті оптимизациялау да оның негізгі практикаларының бірі болып табылады.
София Қазақстан Республикасының заңдарын әзірлеу жөніндегі бірнеше үкіметтік жұмыс тобының жұмысына атсалысты. Оның өзекті заң мәселелері бойынша бірқатар жарияланымдары бар және конференцияларда жиі баяндама жасайды. Халықаралық төреліктер (соның ішінде LCIA, Халқаралық сауда палатасы және т. б.) Софияны арбитр немесе сарапшы ретінде жиі шақырады.