width=
Жасыл өсу

Серік Шахажанов

«Еуразиялық Топ» ЖШС бас директоры

Серік Шахажанов С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін («металлург» мамандығы бойынша) бітіріп, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің «Іскерлік әкімшілік басқару шебері» (МВА) дәрежесін алған. Кейін Экономиканың жоғарғы мектебі Мемлекеттік университетінде (Мәскеу қ.) «Іскерлік әкімшілік басқару докторы» (DBA) дәрежесін алды.
1998-2001 жылдары Павлодар қаласында «Найзатас» және «Үміт» ЖАҚ – да қызмет атқарды.
2001 жылы Еуразиялық топ ЖШС де еңбек жолын Ақсу ферроқорытпа зауытының қаржы бөлімінде экономист қызметінен бастап, аталған кәсіпорынның қаржы бөліміне, одан соң «Қазхром» ТҰК» АҚ қазынашылық департаментіне жетекшілік етті.
2009 жылдың қаңтары мен 2014 жылдың сәуір айлары аралығында «Қазхром»ТҰК» АҚ қаржы-экономикалық мәселелер жөніндегі вице-президенті лауазымында компанияның қаржы-экономикалық қызметін басқарып, 2014 жылдың мамыр айында «Еуразиялық Топ» ЖШС-іне ауысып, талдау және стратегиялық даму жөніндегі Басқарушы директор қызметіне кірісті. 2014 жылдан бері – Басқарма Төрағасының стратегия және компанияны дамыту жөніндегі орынбасары. Серік Шахажановтың басшылығымен Топ кәсіпорындарының экономикалық тиімді әрі ұтымды ұзақмерзімдік стратегиялық даму жоспарлары әзірленді.

Спикердің сөздері