1 - 4 шілде 2019 — Нұр-Сұлтан, Қазақстан

1 - 4 шілде 2019

Сэр Руперт Джэксон

АХҚО Сотының судьясы

Судья Сэр Руперт Джексон өзінің мансабын 1972 жылы Англия мен Уэльстің адвокаттар алқасында бастады. 1987 жылы корольдік адвокат болып тағайындалды. 1999 жылы Англия мен Уэльстің Жоғарғы сотының судьясы болып тағайындалды. 2004 жылдан 2007 жылға дейін Технологиялық және құрылыс сотының судьясы болды. 2008 жылы апелляциялық соттың лорд-судьясы болып тағайындалды.
2009 жылы сот төрелігіне теңестірілген қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін Англия мен Уэльсте азаматтық сот өндірісі бойынша шығыстарды талдау  жұмыстарын жүргізді. Оның соңғы баяндамасы 2010 жылы жарық көрді және көптеген ұсыныстар 2013 жылы енгізілді. 1982-1999 жылдар аралығындағы кәсіптік немқұрайлылық бойынша оқулықтың бірлескен авторы және бас редакторы, Англия мен Уэльстегі азаматтық іс рәсімдер бойынша «Ақ кітаптың» 2000 жылдан бастап редакторы және 2010 жылдан бастап бас редакторы болып табылады. Кембридж университетінің түлегі. 

VK
TG
WA