width=
Капитал нарықтары

Санжар Жаркешов

«QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы

Санжар Жаркешов Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін «Қаржы» мамандығы бойынша және АҚШ-тың Остин қаласындағы Техас Университетін «Мұнай-газ инжинирингі» мамандығы бойынша бітірген.

АҚШ-та, Атырау облысында, Иракта, Ресей Федерациясында, Шотландияда инженер-зерттеуші және бұрғылау бойынша инженер, сондай-ақ Атырау облысындағы «Қашаған» кенішінде жобалық инженер болып жұмыс істеді. «McKinsey and Company» Лондон кеңсесінің Колумбиядағы, Омандағы, РФ-дағы, АҚШ-тың Аляска штатындағы және Ұлыбританиядағы жобаларында мұнай-газ өнеркәсібінің басқарушы консультанты және жаһандық сарапшысы ретіндегі тәжірибесі бар. 2019 – 2020 жылдары ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметін атқарды, геология саласына жетекшілік етті. 2020-2022 жылдары «Нафтогаз УГВ» бас директорының геология және әзірлеу жөніндегі орынбасары болды. 2022 жылдың наурыз айынан бастап «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып табылады. Ұлыбританияның мұнай өнеркәсібіне, Дүниежүзілік Мұнай Инженерлері Қоғамына қосқан үлесі үшін Елизавета II патшайымның сыйлығының, сондай-ақ британиялық «Кәсіби инженер» атағының иегері.

Спикердің сөздері