1-4 шілде 2019 — Нұр-Сұлтан, Қазақстан

1-4 шілде 2019

Рахым Ошақбаев

TALAP қолданбалы зерттеулер орталығының директоры

1999 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік Университетінің экономика факультетін бітірді.
2001 жылы «ҚазАгроФинанс» АҚ қаржылық және лизингтік компаниясында өзінің мансабын бастады, 2002 жылдан бастап Басқарма төрағасы болып сайланды. Рахым мырза Дүниежүзілік банктің Халықаралық қаржы корпорациясында (IFC) Қазақстандағы Лизингті дамыту жобасының жетекшісі болды, кәсіпкерлік қызметпен айналысқан, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіптік кешеніндегі Экономикалық саясатты талдау орталығын басқарды; «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасында жұмыс істеді. 2015 жылдың тамызынан бастап 2016 жылдың наурыз айына дейін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі лауазымын атқарды. «Құрмет» орденімен және «Еуразиялық экономикалық одақты құруға қосқан үлесі үшін» II дәрежелі медалімен марапатталған.

VK
TG
WA