1 - 4 шілде 2019 — Нұр-Сұлтан, Қазақстан

1 - 4 шілде 2019

Пол Эстон

HFW-де серіктес

Пол теңіз, офшор және шикізат (негізінен мұнай мен газ) секторларында өз клиенттерінің мүдделеріне өкілдік етеді. Ол тасымалдаудың барлық аспектілеріне: көлік, сақтандыру; барлық мұнай мен газ саласы бойынша операцияларға, кеме құрылысы мен жөндеу дауларына; ашық теңізде түрлі құрылымдардың конструкциялары (rigs/FPSO), сондай-ақ оларды пайдалану жөнінде келісімшарт жасасу мәселелері бойынша кеме жасау верфьтері мен сатып алушыларға консультациялар беруге маманданған. Полдың мұнай мен газ өнімдерін және сұйытылған табиғи газды (СТГ) жеткізу, тасымалдау, сату, сатып алу, сақтау бойынша қысқа және ұзақ мерзімді келісімшарттарға қатысты елеулі тәжірибесі бар. Ол сондай-ақ коммерциялық транзакциялар мен тасымалдау жобалары бойынша консультациялар береді.
Пол Лондонда, Шанхайда, Гонконгта орналасқан кеңселерде жұмыс істеген және өзі теңіз және энергетика бөліміне жауапты болып отырған Сингапурдағы кеңсені ашты. Полдың көптеген юрисдикциялардағы халықаралық төрелік қараулар мен медиацияларда тараптарды мүдделеріне өкілдік етуде елеулі тәжірибесі бар. Ол Сингапурдың Медиация орталығында медиатор болып тағайындалды, Төрешілердің чартерлік институтының және Сингапурлық теңіз төрелігі палатасының мүшесі болып табылады. Asia Pacific Legal 500-де оған «жылдам жауап беретін, барынша ұсынылатын кәсіпқой» деген сипаттама беріледі. Ол Англия мен Уэльстің білікті заңгері болып табылады.

VK
TG
WA