1 - 4 шілде 2019 — Нұр-Сұлтан, Қазақстан

1 - 4 шілде 2019

Патрисия Робертсон, QC

AIFC Advisory Panel on Legal Regulatory Matters member, Barrister at Fountain Court Chambers

«The Lawyer» басылымы кәсіби немқұрайлықпен, реттегіш және коммерциялық даулармен байланысты сот қарауларындағы үздік тәжірибесі үшін Патрисия Робертсонға жоғары баға берді.
Патрисия Робертсон ірі сот талқылаулары, соның ішінде қадағалау органдарының аясындағы тергеулері бар бай жұмыс тәжірибесіне ие корольдік адвокат. Патрисия Робертсон SRA v Martyn Day мен басқалар (2017) және шешімге әрі қарай шағым жасау (2018) ісі бойынша Адвокаттардың тәртіптік трибуналы (Solicitors Disciplinary Tribunal) қараған бүгінгі күні ең ұзақ сот қарауын аяқтады. Патрисия Робертсон заң қызметтерін көрсетудің стандарттарының мәселелері бойынша ірі істерде Заңгер-солиситорлардың қызметтерін реттеу жөніндегі органның (the Solicitors Regulation Authority) мүдделерін қорғады және тәртіптік жазалар мәселелері бойынша Англия мен Уэльс заңгерлерінің қоғамына (The Law Society of England and Wales) консультациялар өткізді.
Патрисия Робертсон Барристерлердің стандарттары жөніндегі комиссияда (the Bar Standards Board) 6 жыл, соның 3 жылын төрағаның орынбасары ретінде жұмыс істеді. Ол сондай-ақ 2016 жылы Англияның Жоғары соты судьясының орынбасары және сол жылы Әбу-Даби халықаралық қаржы орталығы Апелляциялық комиссиясының (Abu Dhabi Global Markets Appeal Panel) мүшесі болып тағайындалды. Патрисия Робертсонның өзінің практикасының салаларымен байланысты тақырыптар бойынша көптеген жарияланымдары, соның ішінде заң қызметтерін реттеу бойынша оқу құралы бар.

VK
TG
WA