
Капитал нарықтары
Николай Бабешкин
Kolesa Group Басқарма мүшесі және серіктесі
Білімі – бағдарламашы, еңбек жолын 2005 жылы дистрибьюторларға арналған софтты әзірлеуден бастаған. Кейін интернет-жобалармен айналысатын IT-компанияларында жұмыс істеген.
Kolesa Group-қа 2011 жылы қосылды. Компания бизнесті цифрландыруға бет бұрып, IT-бағыттарын дамытуға кірісті.
Николайдың жетекшілігімен Kolesa Group өнімдері өз нарықтарында көшбасшыға айналды. Қосымшалар 5 жыл қатарынан Қазақстанның үздік мобилді қосымшалары деп танылды. Өнімдердің жалпы аудиториясы айына 15 миллион пайдаланушыдан асты.
Соңғы бірнеше жылда компания жаңа өнімдерді шығарды. Соның ішінде Kolesa.kz-те автонесиелеу, Krisha.kz-те «Жаңа құрылыстар», екінші қайтара авто нарығында ресейл және Avtoelon.uz — Өзбекстан автонарығында тегін хабарландырулар классифайды.