
Жасыл өсу
Нұржан Кабдолданов
«Жасыл даму» АҚ басқарма төрағасының орынбасары
Нұрлан Кабдолданов 1997 жылы Талдықорған заң колледжін “құқықтану”мамандығы бойынша, 2003 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын “Құқықтану” мамандығы бойынша, “заңгер”біліктілігі бойынша, 2010 жылы Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетін “Қаржы” мамандығы бойынша, қаржы бакалавры дәрежесін бітірген.
2014 жылғы қаңтар мен 2020 жылғы қаңтар аралығында “Жасыл даму” АҚ (ҚР Энергетика министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымы)бас сарапшысы, департамент директоры, Бас директордың орынбасары болды;
2020 жылғы қаңтардан 2022 жылғы қаңтарға дейін “MKS Company” ЖШС атқарушы директоры; 2022 жылғы қаңтардан 2022 жылғы наурызға дейін “Жасыл даму” АҚ Бас директорының орынбасары; 2022 жылғы наурыздан 2022 жылғы маусымға дейін қалдықтарды басқару мәселелері жөніндегі Басқарушы директор, “Жасыл даму” АҚ Басқарма мүшесі;
2022 жылғы 1 шілдеден бастап “Жасыл даму” АҚ Басқарма Төрағасының Орынбасары, Басқарма мүшесі.
Сот шешімі, өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері, климаттың өзгеруі және парниктік газдар шығарындыларын реттеу бойынша республикалық меншікке келіп түскен иесіз қауіпті қалдықтарды басқару мәселелері бойынша қызметті жалпы ұйымдастыруды, үйлестіруді және бақылауды жүзеге асырады.