
Мирас Дәуленов
«Нархоз» университетінің Президенті
Мирас Мұхтарұлы Нархоз университетінің Приезиденті әрі Басқарма Төрағасы қызметінде ЖОО-ның даму стратегиясын іске асыру және қойылған мақсаттарға қол жеткізу бойынша шешімдер қабылдайды. Құрылымдық бөлімшелердің жұмысын қадағалайды, бизнес-процестерге қажетті өзгерістерді енгізеді, инвесторларды тартады, серіктестермен, мемлекеттік органдармен және кез келген меншік нысанындағы ұйымдармен өзара қарым-қатынаста ЖОО мүдделерін қорғайды. Білім беру үдерісінің сапасын, университеттің бәсекеге қабілеттілігі мен танымалдығын арттыруға ықпал етеді.
Құқық саласында бакалавр, магистр және PhD дәрежелері бар. Көптеген жылдар бойы қазақстандық заң фирмаларында, University of Wrocław (Польша) және М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінде түрлі академиялық лауазымдарда қызмет атқарды. Мәселен, Халықаралық құқық кафедрасының оқытушысы, меңгерушісі, зерттеулер жөніндегі проректор, Басқарма төрағасының орынбасары, сондай-ақ Провост болды.
2019-2021 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі қызметін атқарды, жоғары білім және ғылым мәселелеріне жетекшілік етті.
Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталықтың құқық мәселелері бойынша сарапшы-куәгері болған. Қазіргі уақытта Азия халықаралық құқық қоғамының мүшесі және Қоғамның Атқарушы Кеңесінің мүшесі, ТМД Жоғарғы Соты, Конституциялық Кеңесі және экономикалық соты жанындағы консультативтік кеңестердің мүшесі болып табылады.Халықаралық жария құқық, ЕО құқығы және АХҚО құқығы бойынша көптеген жарияланымдардың авторы.
Қазақ, орыс, поляк және ағылшын тілдерін меңгерген.