width=
Жасыл өсу

Мария Хаджиева

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары

Өзінің еңбек жолын 1995 жылы ҚР Әділет министрлігінің Бас заңнама басқармасының конституциялық және әлеуметтік-мәдени заңнама бөлімінің жетекші консультанты лауазымынан бастады.

Бағалы қағаздар нарығындағы қызметін 2000 жылы ҚР Ұлттық Банкінің заң департаменті бағалы қағаздар нарығын және жинақтаушы зейнетақы қорларын реттеуді құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бас маманы лауазымынан бастады.

2006 жылғы қараша – 2008 жылғы мамыр аралығында ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті директорының орынбасары болып жұмыс істеді. 2008 жылғы мамырда департамент директоры лауазымына тағайындалып, 2011 жылға дейін жұмыс істеді.

2011 жылдан бастап – ҚР Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті төрағасының орынбасары.

2014 жылдан бастап ҚР Ұлттық Банкінің бағалы қағаздар нарығының субъектілерін қадағалау департаментінің директоры лауазымын атқарды. Одан кейін 2016 жылы Бағалы қағаздар нарығы департаментін басқарды. 2017 жылы «Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі» АҚ Басқармасы Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалып, бір жылдан кейін оған басшылық етті.

Түрлі жылдары «Казкоммерц Секьюритиз», «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі», «Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі», «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының», Қазақстан қор биржасының Директорлар кеңесінің құрамына кірді.

2019 жылы М.Ж. Хаджиева Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының Кеңес Төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

2019 жылғы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Спикердің сөздері