width=
Жасыл өсу

Ма Джун, Д-р

Қытайдың жасыл қаржы жөніндегі комитетінің Төрағасы

Доктор Ма – Қаржы және орнықты даму институтының негізін қалаушы әрі Президенті. Ол, сонымен қатар, Қытай Қаржы және Банк қоғамының Жасыл қаржы комитетінің Төрағасы, G20 Орнықты қаржыландыру жөніндегі зерттеу тобының көмекші төрағасы және “Белдеу мен жол” бастамасына арналған Жасыл инвестициялар қағидаттары жөніндегі Басқарушы комитеттің көмекші төрағасы. 2018 жылдан 2020 жылға дейін доктор Ма Цинхуа университетінің Қаржы және даму орталығының директоры болды. 2014-2017 жылдар аралығында Қытай Халық банкінің зерттеу бюросында (ҚҰБ) бас экономист және Орталық банктің Макро-пруденциалдық комитетінің мүшесі болып жұмыс істеді. ҚҰБ-ға келгенге дейін ол 13 жыл “Deutsche Bank” – те және 8 жыл Дүниежүзілік банк пен ХВҚ-да жұмыс істеді. Доктор Ма ақша-кредит саясаты, қаржы нарығы және экологиялық/орнықты қаржы туралы көптеген кітаптар мен мақалалар жариялады. Ол 2015-16 жылдары Қытайдың жасыл қаржыландыру жөніндегі нұсқаулықтарын әзірлеуді басқарды және 2016-18 жылдар аралығында G20 жасыл қаржыландыру көлемін кеңейту туралы жаһандық консенсусқа ықпал етті.

Спикердің сөздері