1-4 шілде 2019 — Нұр-Сұлтан, Қазақстан

1-4 шілде 2019

Леди Барбара Джадж

АХҚО қаржылық қызметтерді реттеу комитеті Директорлар кеңесінің төрағасы

Леди Барбара Джадж – америкалық-британдық заңгер, бизнесвумен. Оның жеке және мемлекеттік секторларда аға басшы, төраға және атқарушы емес директор ретінде халықаралық сахнадағы тәжірибесі зор.
Кезінде АҚШ-тың бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссияның ең жас комиссары болды. Қазір Біріккен Корольдігіндегі алаяқтықты алдын алу  жөніндегі CIFAS қызметінің төрағасы, сондай-ақ бірқатар мемлекеттік және жеке компаниялардың атқарушы емес директоры. Алдында Ұлыбританияның Атом энергиясы жөніндегі басқармасы мен зейнетақымен қамтамасыз ету қорының төрағасы қызметін атқарған. 
2010 жылғы маусымда ядролық және қаржы өнеркәсібі қызметі үшін Британ Империясының орденімен марапатталды. 2015 жылы Зейнетақымен қамсыздандыру қорына төрағалық еткені үшін марапатқа ие болды.
 

VK
TG
WA