1 - 4 шілде 2019 — Нұр-Сұлтан, Қазақстан

1 - 4 шілде 2019

Криспин Пассмор

AIFC Advisory Panel on Legal Regulatory Matters member, Managing Director at Passmore Consulting

Криспин Пассмор әлемдегі ең серпінді және перспективалық нормативтік құқықтық орта мен заң нарықтағы реттеуші стратег.                                                           
Заңгер-солиситорлардың қызметін реттеу жөніндегі органның (the Solicitors Regulation Authority) атқарушы директоры бола отырып, Криспин Пассмор заң қызметтерін көрсету нарығын дамытуды ынталандыру үшін реттеудің инновациялық тетіктерін анықтау және жоғары кәсіптік стандарттарды белгілеу арқылы заң қызметін реформалауға елеулі үлес қосты. Бұл үлес заң қызметтері нарығындағы қызметті ырықтандыру және нарықты ынталандыру үшін нормативтік талаптарды жеңілдетуді қамтыды.
Криспин Пассмор сарапшылар топтарын басқарды және заң фирмаларының қызметін қадағалауға тартылды. Ол сондай-ақ Заңгер-солиситорлардың қызметін реттеу жөніндегі органның (the Solicitors Regulation Authorit) таладу және зерттеу қызметіне жетекшілік етеді. 
Криспин Пассмор төрағаның орынбасары лауазымын атқара отырып,  Заң қызметтері жөніндегі кеңесті (Legal Services Board) қалыптастыруға айтарлықтай ықпал етті. Заң қызметтері жөніндегі кеңес (Legal Services Board) заң қызметін құқықтық реттеудің  тәсілдерін өзгерту, атап айтқанда, заң қызметін реттеу мен қадағалаудың инновациялық моделін анықтау үшін құрылды. 

VK
TG
WA