1 - 4 шілде 2019 — Нұр-Сұлтан, Қазақстан

1 - 4 шілде 2019

Қайрат Келімбетов

АХҚО басқарушысы

Қайрат Келімбетов М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық жоғары мемлекеттiк басқару мектебiнде (ҰЖМБМ) және Джорджтаун университетінде (АҚШ) білім алған.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жоғарғы экономикалық кеңесте, ҚР Президент Әкімшілігінде қызмет істеген, ҚР Стратегиялық жоспарлау агенттігін басқарған, ҚР Бірінші қаржы вице-министрі қызметін атқарған. 2002-2006 жылдар аралығында Қазақстанның экономика және бюджетті жоспарлау министрі болды. 2006 жылы мемлекеттік «Қазына» орнықты даму қорын (даму институттарын) басқарды. 2008 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды. 2008 жылы қазан айымен 2011 жылдараралығында«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ (барлықмемлекеттік активтерді біріктірген қор) басқарды. 2011 жылдың сәуір айында ҚР Экономикалық даму және сауда министрі болып тағайындалды. 2012 жылы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды, макроэкономика, бюджеттік саясат, мемлекеттік активтер мен қаржы секторын басқару, салық және кедендік саясат мәселелеріне жетекшілі кетті, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссияның Кеңесінің ҚР тарапынанТөрағасы болды.

2013 жылы ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы болып тағайындалды. 2015 жылы «Астана»халықаралық қаржы орталығының Басқарушысы лауазымына тағайындалды.

VK
TG
WA