width=
Серпін

Рустам Карагойшин

Холдингтің Басқарма төрағасы, Директорлар кеңесінің мүшесі, «Бәйтерек» холдингі

Білімі:

1. 2008 жылы Халықаралық бизнес академиясын бітіріп, «Корпоративтік менеджмент» мамандығы бойынша іскерлік әкімшілендіру шебері (МВА) және «Корпоративтік менеджмент» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.

2. 2004 жылы Қазақстандық менеджмент, экономика және болжау институтын (KIMEP) «Бухгалтерлік есеп» мамандығы бойынша бітірген.

Кәсіби тәжірибесі:

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (маусым 2004 – маусым 2006):
Жобалық талдау департаментінің №1 басқармасының менеджері, бас менеджері және №1 басқармасының бастығы.

«ҚДБ-Лизинг» АҚ (маусым 2006 – тамыз 2011):
Лизингтік операциялар және жобалық талдау басқармасының бастығы, кейін Басқарушы директор-Басқарма мүшесіне дейін көтерілді.

«Petroleum Operating» ЖШС (қыркүйек 2011 – желтоқсан 2011):
Мұнай және мұнай өнімдері маркетингі департаментінің Сыртқы экономикалық қызмет бөлімінің бастығы.

«Credit Systems» ЖШС (қаңтар 2012 – қыркүйек 2012):
Басқарма төрағасы.

«Сбербанк Лизинг Қазақстан» ЖШС (қыркүйек 2012 – қараша 2015):
Бас директордың орынбасары, кейін Бас директорға дейін көтеріледі.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ (қараша 2015 – желтоқсан 2018):
Басқарма төрағасының орынбасары.

«Қазақстанның астық консорциумы» ЖШС (ақпан 2019 – мамыр 2019):
Бас директор.

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ (мамыр 2019 – мамыр 2021):
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.

«Қазақстанның астық консорциумы» ЖШС (мамыр 2021 – ақпан 2024):
Директорлар кеңесінің төрағасы, Бас директор.

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ (ақпан 2024 – сәуір 2024):
Басқарма төрағасының міндетін атқарушы.

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Жалғыз акционерінің 2024 жылғы 04 сәуірдегі шешімімен Холдингтің Басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2024 жылғы 05 сәуірдегі № 105 бұйрығымен бекітілген Жалғыз акционердің шешімімен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.

Спикердің сессиялары