1-4 шілде 2019 — Нұр-Сұлтан, Қазақстан

1-4 шілде 2019

Қанат Алпысбаев

«Самұрық-Қазына» АҚ Логистика және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі басқарушы директоры

Қанат Қалиұлы Алпысбаев 1994 жылы Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын, 1998 жылы Кентукки штаты университетін (АҚШ) және 2007 жылы Мәскеу халықаралық бизнес жоғары мектебін тәмамдаған.   
1994-2002 жылдары Алпысбаев мырза Тың игеру теміржолының кәсіпорындарында, «Қазақстан Темiр Жолы» РМК-да және әртүрлі бейінді акционерлік қоғамдарда жұмыс істеді.  2002-2003 жылдары «Эйр Астана» ЖАҚ Қаржы және басқару жөніндегі директоры, Қаржы және ақпараттық технологиялар жөніндегі Вице-президенті лауазымын атқарды. 2005-2008 жылдар аралығында «Дженерал Электрик Интернэшнл Инк» корпорациясы филиалының Бизнесті дамыту жөніндегі директоры болды. 2008-2016 жылдары Алпысбаев мырза «Қазақстан Темiр Жолы» ҰК» АҚ-да әртүрлі лауазымдарды атқарды. 2016-2018 жылдары «Қазақстан Темiр Жолы» ҰК» АҚ Президенті - Басқарма төрағасы лауазымын атқарды. 2018 жылғы қарашадан бері «Самұрық-Қазына» АҚ Логистика және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі басқарушы директоры лауазымын атқарып келеді. 
 

VK
TG
WA