
Жасыл өсу
Гауһар Бөрібаева
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма Төрағасы
Гаухар Бөрібаева The London College UCK (Лондон, Ұлыбритания) университетінің бизнес-менеджмент саласында магистр дәрежесіне ие, сондай-ақ Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының (Мәскеу қ., РФ) «Цифрлық банкинг және қаржы» мамандығы бойынша іскерлік әкімшілендіру (MBA) магистрі. «Ерен еңбегі үшін» және «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» медальдарымен марапатталған. 2013 жылғы тамыздан 2017 жылғы наурызға дейін Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ведомстволық бағынысты ұйымының қаржы-экономикалық мәселелер жөніндегі вице-президенті қызметін атқарды және 2017 жылғы наурыздан бастап Даму қорындағы мансабын жалғастырды.