width=
АХҚО Өнімдері

Евгения Богданова

AIX Реттеу және Комплаенс директоры

Евгенияның 20 жылдан астам жұмысы халықаралық капитал нарықтарымен байланысты болды. AIX-ке келгенге дейін Евгения Renaissance Capital-да Инвестициялық-банк бөлімшесінің заң қызметін және Корпоративтік басқару тобын басқарды. Бұған дейін ол Мәскеуде White & Case-де акциялар мен облигацияларды халықаралық және жергілікті орналастыру; m&A мәмілелер; компанияларды қайта құрылымдау; ақпаратты ашу; листингке қойылатын талаптар; корпоративтік басқару мәселелері бойынша кеңес бере отырып, заң практикасымен айналысты. Евгения МҚИ РҒА жанындағы Ресей Академиялық құқықтық университетін бітірді және өз мансабын Ресей Бағалы қағаздар нарығы жөніндегі Федералдық комиссиясында (кейінірек Ресей Федерациясының Орталық банкінің құрылымына енгізілген) бастады, онда ресейлік бағалы қағаздар нарығымен байланысты заң жобалау қызметімен, соның ішінде Ресейдегі шетелдік эмитенттердің борыштық бағалы қағаздарды тікелей шығаруды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін нормативтік-құқықтық реформаны іске асырумен айналысты.

Спикердің сөздері