Эльвира Азимова
Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотының Төрағасы
Азимова Эльвира Әбілхасымқызы – Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотының Төрағасы. Еңбек қызметін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде бастап, онда Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің орынбасары лауазымына дейін (1996-2019) халықаралық құқық және халықаралық шарттарды сараптау саласында бай тәжірибе жинақтай отырып, әр түрлі басшылық қызметтерін атқарды. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілі қызметін атқарып (02.09.2019-31.12.2022), Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның (18.09.2021) және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі болды (17.05.2022). 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы лауазымына тағайындалды.